Маңғыстау облысының АӨК саласында инвестицияларды тарту және инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру
Инвестиция - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инновация - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені одан да жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол.
АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді Маңғыстау облысының жағдайына бейімдеп енгізуге және таратуға;
инновациялық агротехнологияларды Маңғыстау облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына бейімдеп, АӨК субъектілеріне енгізуге және таратуға.
Маңғыстау облысының АӨК инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын енгізу және таралымдау;
ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық үдерісін енгізу және тарату;
Маңғыстау облысының АӨК ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін енгізу және тарату;
селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату;
шағын шаруа қожалықтарын ірілендіру есебінен тауар өндірушілердің әлеуетін көтермелеу.