Меню

Страницы

Статья

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы

2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен 35 920,0 мың теңге бөлінген болатын. Осыған орай, облыс әкімдігінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 17 қаулысының негізінде облыс бойынша субсидиялау көлемдері мен нормативтері бекітілді. Оның ішінде, қазіргі таңда 14 564,0 мың теңге субсидиялау қаражаты игерілді, атап айтқанда:

28 бас асыл тұқымды қойлар сатып алуға (КХ «Debo», КХ «Нәр», ИП «Оразбаева А.Е.») – 224,0 мың теңге;

ірі қара шаруашылығында селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге (ЖШС «Қарағантүбек») – 2 340,0 мың теңге;

33 бас отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға (ЖШС «Қарағантүбек», ИП «Р. Култанов», ИП «Құдайберген», ИП «Айберген») – 4 950,0 мың теңге;

35 бас өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алуға (КХ «Бекмұрат», КХ «Несібелі», КХ «Көрпе») - 3 500,0 мың теңге;

13 бас асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алуға (КХ «Бекмұрат»,  КХ «Несібелі») - 1 300,0 мың теңге;

225 бас ірі қара малдың тауарлық аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге (ЖШС «Қарағантүбек») – 2 250,0 мың теңге.

2020 жылға кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы бойынша 109 413,0 мың теңге субсидия қаражаты бөлінді. Аталған субсидиялау бағдарламасы бойынша шаруашылықтардың ауыл шаруашылығын жануарларын, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға қаржы институттарынан алған несиелерінің сыйақы мөлшерлемесінің 10 (он) % субсидияланады. Осы орайда 7 қаржы институты (КТ «Бейнеу» ЖШС, КТ «Маңғыстау» ЖШС, «КазАгрорҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық Кредиттік Корпорация» АҚ, «Мангистауагросервис» ЖШС, «АТФ Банк» АҚ Ақтау филиалы) қатысты. Қазіргі таңда 31 135,9 мың теңге субсидия қаржысы игеріліп, 56 субъект субсидияланды.

 

 

 

 

Дата публикации
14 мая 2020
Дата обновления
14 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баяндама
25 сентября 2024
Жануарларға жауапты қарау
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 мая 2020
Ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу

Социальные медиа

Инстаграммдағы ресми парақша

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы