Егін шаруашылығы
160 шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығында басым бағыттағы көкөніс - бақша дақылдары өсіреді. Қажетті тұқымдармен, жанар-жағармай материалдарымен өздерін қамтамасыз етеді.
2020 жылы көкөніс пен бақша дақылдарының егістік көлемін 875 гектарға(Ақтау 43,4 га, Жаңаөзен 36,5 га, Қарақия 300,4 га, Маңғыстау 239,2 га, Мұнайлы 119,3 га, Түпқараған 132,7 га, Бейнеу 3,1 га), оның ішінде 820 гектарға тамшылата суару жүйесін қолданып егуді және 17 500 тн(көкеніс 4 500 тн, бақша 13 000 тн) жоспарланған
Субсидияланатын 494 тыңайтқыш түрлерінің тізбесі және 1 тоннаға (килограмм, литр) субсидия нормалары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіліп, облыс әкімдігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілді.
Сонымен бірге жабық топырақта (жылыжайлар) өсірілетін көкөніс дақылдарының көлемін 27 гектардан (өнеркәсіптік 11,7 га, фермерлік 15,3 га) 4189 тн өнім алынған,(Ақтау 8,5 га, Жаңаөзен 1,0 га, Қарақия 1,4 га, Маңғыстау 0,3 га, Мұнайлы 11,2 га, Түпқараған 5,2 га, Бейнеу 0,2 га) 34 гектарға (7,0 га) 5200 тн өнім алуға дейін ұлғайту жоспарланды (Ақтау 1,0 га, Жаңаөзен 1,0 га, Қарақия 1,0 га, Маңғыстау 0,5 га, Мұнайлы 1,3 га, Түпқараған 2,0 га, Бейнеу 0,2 га).