СУ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫН СУБСИДИЯЛАУ

Нормативтік құқықтық база:

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36333 болып тіркелді.

Субсидиялау процесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде gosagro.kz. порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау: жер учаскесінің орналасқан жері бойынша 1 мамырдан 30 қарашаға дейін.

Шығындарды өтеу: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (көрсетілетін қызметті алушылар) су берушіден сатып алған алғандағы құнын 85% өтеу.

Субсидия нормативі:

Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері:

күріш дақылдары үшін –1 м3, сатып алынған суармалы су ҚҚС-мен тарифтің 50 % құрайды;

Басқа АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін жеткізілген судың 1 (бір) м3 арналған субсидия суару, су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге % қатынаста сараланып белгіленеді.

Субсидиялар алу талаптары:

  • электрондық өтінімді беру және тіркеу;
  • жүйеде жеке шоттың болуы;
  • жер учаскелерінің бар болуы;
  • суармалы су беру жөніндегі қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындарды растау;
  • егістік алаңын электрондық карталары жүйесінде тіркеу;
Дата публикации
13 апреля 2026