«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығы.
Субсидиялау процесі gosagro.kz порталы арқылы ақпараттық субсидиялау жүйесімен жүргізіледі. Өтінім қабылдау: 1 ақпаннан 1 желтоқсанға дейін ( 12 ай бойы- сатып алынған минералдық тыңайтқыштарға) жер учаскесінің орналасқан жеріне байланысты.
Субсидия нормативі:
Субсидия нормасы тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құнымен тиісті тыңайтқыш түрлерінің жарты бағасына қалыптасады ( қай елде өндірілседе).
ЖАО ең төменгі бағаны белгілейді.
ЖАО тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары мен субсидия қаражаттарын қаулымен бекітеді.
Субсидия алу шарттары:
Электрондық түрде тіркелуі, өтінім беріу;
Ақпараттық жүйеде жеке шотының болуы ;
Жер учаскелерінің болуы;
Сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарының расталуы;
Электрондық танап карталарының ақпараттық жүйеде тіркелуі;
Шығынын өтеу: Сатушыдан сатып (МИР тізілімінде тіркелген шетелдік және отандық өндірушіден) алған тыңайтқыштардың құнының 50% ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге (ауылшаркооперативтерге) төлеу.