ҚР Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2020 жылға шағын несие беруге - 1 202 396,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Несие қаражаты облыс әкімі қаулысымен 2 қаржы институттары арасында келесідей бөлінді.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалына 841 677,2 мың теңге сомасында (70% Келісім-шарт №142 2020-02-24) және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалына 360 718,8 мың теңге сомасында (30% Келісім-шарт №141 2020-02-24).
Қазіргі таңда барлық бөлінген қаржы толықтай 100% игеріліп, 259 өтінім 1 202 396,0 мың теңгеге шағын несие берілді, сәйкесінше 329 жұмыс орны ашылады.