Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарға талдамалық анықтама.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне (31.01.2020 ж. №39 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестрі) cәйкес, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен көрсетілетін (бұдан әрі – Басқарма)  24 мемлекеттік қызмет түрі тіркелген.

         2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша басқармамен бекітілген мемлекеттік қызметтің алты түрі бойынша барлығы 329 өтінім келіп түсті. Оның 278 жеке тұлғадан, 51 заңды тұлғадан келіп түсті. Олар:

  • «394-Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет түрінен 9 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғадан 36 өтінім, заңды тұлғадан 15 өтінім келіп түсті. Барлығы 51 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді, ал 7 өтінімге дәлелді қызмет көрсетуден бас тартылды.
  • «406-Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет түрінен 9 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғадан 59 өтінім, заңды тұлғадан 2 өтінім келіп түсті. Барлығы өтінім келіп түсті. Барлығы 61 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған өтінімдер болған жоқ;
  • «408 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет түрінен  9 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғадан 5 өтінім келіп түсті. Барлығы 5 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған өтінімдер болған жоқ;
  • «409-Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызмет түрінен 9 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғадан 14 өтінім, заңды тұлғадан 3 өтінім келіп түсті. Барлығы 17 өтінім келіп түсті. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған өтінімдер болған жоқ;
  • «417-Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік қызмет түрінен 9 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғадан 164 өтінім, заңды тұлғадан 19 өтінім келіп түсті. Барлығы 183 өтінім келіп түсті, ал 20 өтінімге дәлелді қызмет көрсетуден бас тартылды.
  • «424-Микрокредиттерге кепілдік бойынша комиссия» мемлекеттік қызмет түрінен 9 айдың қорытындысы бойынша заңды тұлғадан 12 өтінім келіп түсті. Барлығы 12 өтінім келіп түсті. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған өтінімдер болған жоқ.

         2020 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша барлығы 329 - «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған өтінімдер болған жоқ.

Басқармада мемлекеттік қызметтерді көрсетуде мерзім бұзушылық және негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарға талдамалық анықтама.
Дата публикации
05 октября 2020