Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 03 қыркүйектегі № 213 «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағы 10-1) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулымен бектілген «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қағидасы (Бұдан әрі – Қағида) осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1) осы қаулының Маңғыстау облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Маңғыстау облысының әкімі |
С. Трұмов
|
|
|
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы _________________С.С. Қалдығұл «_____»______________2020 жыл.
|
М
Маңғыстау облысы әкімдігінің 202019 жылғы «____»__________ № №_________________ Қ қаулысымен бекітілген |
|
Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
1) агроөнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық -санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) комиссия - өтінімдерді қабылдау/қабылдамау туралы шешім қабылдау үшін облыс әкімінің өкімімен құрылған жергілікті атқарушы органның жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган. Комиссия құрамына облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, инвестициялар және туризмды дамыту, экономика және бюджеттік жоспарлау, ветеринария басқармаларынан өкілдері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы», «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелері және Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ауыл шаруашылығы саласындағы тәуелсіз сарапшылар (келісім бойынша) енгізіледі. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді.
4) бюджеттік бағдарлама әкімшісі – Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаны басқару қызметі жүктелген агроөнеркәсіптік кешен субъектілері саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша атқарушы орган (бұдан әрі - Бағдарлама әкімшісі);
5) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;
6) инновациялық жобаны іске асыру бойынша іс-шара – жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инновациялық жобаларды енгізу бойынша іс-шаралар кешені (бұдан әрі – іс -шара);
7) өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
8) өтінім беруші Бағдарлама әкімшісіне өтінімді берген, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.
1) өсімдік шаруашылығы;
2) малшаруашылығы;
3) балық шаруашылығы;
4) ауыл шаруашылығын механизациялау;
5) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
6) мал азығын өндіру технологиясы.
Аймақтың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері саласының қажеттіліктеріне орай іс-шараларды сәйкестендіру мақсатында әр саланың ішкі бағыттарынан басым бағыттар анықталып, солардың аясында іріктеулер жүргізіледі .
Хабарландыруда өтінімдерді тапсыру мерзіміне қосымша ақпараттар алу үшін Бағдарлама әкімшісінің байланыс ақпараты көрсетіледі.
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс -шараларына түсіндірме жазба;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс -шараларын іске асыру жоспары;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс -шараларын іске асыру шығындарының сметасы;
5) инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын өтінім берушілердің мамандарының түйіндемесі;
6) өтінім берушінің аграрлық бағытта ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың немесе басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
7) заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде, анықтаманың түпнұсқасы;
салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы тиісті анықтамасы (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
өтінім берушінің банктің немесе банк филиалының, соның ішінде шетелдік банктердің алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктердің немесе банк филиалдарының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасы. Анықтама өтінім берілген сәтке бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;
ғылыми-зерттеу ұйымын аккредитациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттың түпнұсқасы;
8) жеке тұлғалар үшін:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, жеке кәсіпкердің құжаттардың көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
салық төлеушінің салықтық қарызының бар-жоқтығы туралы салық анықтамасы.
Алдын-ала іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
1) ұсынылған ақпараттардың толықтығы, оның осы Қағидалардың талаптарына сай болуы;
1) өтінім беруші ақпараттарды толық емес, дәйексіз ұсынса немесе өтінім құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сәйкес рәсімделмесе;
2) инновациялық жоба іске асырылатын орын облыс аумағынан тыс жерде орналасқан болса;
3) өтінілген іс-шара облыстың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері дамуының басым бағытына жатпаса;
4) өтінім беруші – агроөнеркәсіптік кешен субъектілері субъектісі бұрын инновациялық жоба шеңберінде қаржы алған, бірақ іс-шараларын іске асыру барысы қанағаттанарлық емес деп танылған болса.
1) сұралатын қаржыландырудың негізділігі;
2) өтінімнің қаржыны жұмсау бағыттарының, қаржыландыру көлемінің және басқа да параметрлерінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
3) іс-шаралардың өңірдің агроөнеркәсіптік кешен субъектілері дамуына және еңбек өнімділігінің деңгейіне ықпалының дәрежесі;
4) өтінім берушілердің құқықтық мәртебесінің, төлем қабілеттілігінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
5) өтінім берушілердің біліктілігі мен техникалық жарақтандырылуының іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестiгi.
мерзімі бойынша – 36 (отыз алты) айдан;
сомасы бойынша – 50 (елу) миллион теңгеден артық емес болып айқындалады.
Іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қажет болған ретте, конкурс жеңімпазы жергілікті атқарушы органның уәкілетті органдары өкілдерінің іс-шаралар іске асырылып жатырған объектілерді кедергісіз қарауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, олардың ресми сұрауы бойынша іс-шараларды іске асыруға тікелей қатысты барлық қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.
|
|
Маңғыстау облысының |
|
|
агроөнеркәсіптік кешен |
|
|
саласында инновациялық |
|
|
жобаларды іріктеуді |
|
|
ұйымдастыру қағидаларына |
|
|
1-қосымша |
Өтінім нысаны
|
1. |
Тіркеу нөмірі және күні (Бағдарлама әкімшісі қызметкерлерімен толтырылады) |
|
|
2. |
Іс-шараның атауы |
|
|
3. |
Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу саласы (кіші саласы) |
|
|
4. |
Іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаты мен мәнін көрсету, жоба нәтижелерінің нақтылы қолданылуы, осындай жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесі) |
|
|
5. |
Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша) |
|
|
6. |
Жобаның басталу және аяқталу күні |
|
|
7. |
Сұралатын қаражаттың сомасы (теңгемен) |
|
|
8. |
Өтінім берушінің атауы, мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы |
|
|
9. |
Өтінім берушiнiң байланыс тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы |
|
|
10. |
Инновациялық жобаның басшысы (ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкері), (қызметі, телефон, факсы, электрондық поштасы көрсетіледі) |
|
|
11. |
Инновациялық жобаны іске асыруға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің атауы, мекенжайы, телефон, факсы, электрондық поштасы |
|
|
|
Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша
|
|
Инновациялық жобаның іс-шараларына түсініктеме жазба
- толық атауы;
- негізгі өтінім беруші мен іс-шараларға қатысушы агроөнеркәсіптік кешен субъектілері қызметтерінің сипаттамасы;
- негізгі мамандар, олармен орындалатын жұмыс түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттарын қоса);
- осы іс-шара шеңберінде басқа жобаларды іске асырғаны туралы ақпарат.
5 Іс-шараларды негіздеу: өндірістің осы сегментіндегі проблемалар, іс -шара қандай проблеманы шешуге бағытталатындығын көрсете отырып, іс -шараны іске асырудың маңыздылығы мен қажеттілігінің, оның өңірдің агроөнеркәсіптік кешен технологиялық дамыту деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен көп емес).
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын iске асырудың экономикалық тиімділігін бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсету, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан iс-шараның мақсаттылығын негiздеу қажет (1,5 беттен көп емес).
|
|
Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша
|
Инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру жоспары (атауын көрсету керек)
|
№ |
Жұмыс түрі |
Күтілетін нәтижелер (1 жыл) |
|
||||
|
1- тоқсан |
2- тоқсан |
3- тоқсан |
4- тоқсан |
|
|||
|
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
№ |
Жұмыс түрі |
Күтілетін нәтижелер (2 жыл) |
|
||||
|
1- тоқсан |
2- тоқсан |
3- тоқсан |
4- тоқсан |
|
|||
|
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 4- қосымша
|
||||||
Инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру шығындарының сметасы (атауын көрсету керек) мың теңге.
|
№ |
Шығын баптары |
Өлшем бірлігі |
Бағасы |
Құны |
соның ішінде айлар бойынша |
|||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|||||
|
1 |
Еңбек ақы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
Іс-сапар шығындары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
Кеңсе шығындары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. |
Көлік шығындары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. |
Басқа шығындар (көрсетілсін) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5.1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5.2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6. |
Тікелей шығындар жинағы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7. |
Қосымша шығындар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: Іс-шараны әр жылдарда iске асыру бөлек көрсетiледi.
Ескертпе: Өтінім берушінің өз қаражатынан және бюджеттік қаражаттардан қаржыландыратын шығындар бөлек көрсетіледі (бар болғанда).