ЖОБА
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/152 «Маңғыстау облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Маңғыстау облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларында 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Үй жануарларын ұстау жөніндегі талаптарға мыналар жатады:
1) үй жануарларын күтіп-бағу жағдайлары олардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттерін қанағаттандырады;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес үй жануарлары ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету болып табылады.
3) облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердегі 1 (бір) үй (аулада) аумағындағы жанұяға 3 (үш) үй жануарынан артық ұстауға жол берілмейді.»
Маңғыстау облысының мәслихатының төрағасы Ж. Матаев