Хабарландыру
«Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Атырау МӨЗ-нан облысқа 2023 жылғы күзгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады.
Бөлінген дизель отыны көлемі – 441 тонна. Зауыттан жіберу бағасы шілде айына – немесе 228 тенге/литр (көрсетілген бағаға жеткізу құны мен ҚҚС кіреді). Келесі айларға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен белгіленеді.
Басқарманың орналасқан жері: Ақтау қаласы, 23/14, пошталық индексі 130000, телефоны: 8/7292/605112, электрондық мекенжайы: n.smagulova@mangystau.gov.kz
Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 28 тамыз – 1 қыркүйек аралығында сағат 09:00 ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты 1 қыркүек сағат 18:00.
Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 1–қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама, не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;
8) егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
9) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізушілерге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
10) мұнай базаларының орналасу схемасы;
11) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінің “Виртуалды қойма” модулін қолдану туралы растау.
2023 жылғы күзгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізуші операторларды айқындау комиссиясының өткізілетін орны: ағымдағы жылдың 4 қыркүйек, жергілікті уақытпен сағат 16:00 де, Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты (комиссия отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны өзгерген жағдайда қосымша хабарланатын болады).
Ауыл шаруашылығы
жұмыстарына мұнай өнімдерін
бөлудің өңірлік операторларын
айқындау қағидалары
1-қосымша
Нысан
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім
1. _______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
атынан __________________________________________________________
(бірінші басшының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
атынан дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі
рәсімдерге қатысуға жіберуді сұраймын.
2. Өтініш беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы ___________________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________
мекенжайы: __________________________________________________
телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________
Жеке тұлға үшін
атыәкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________
жекесәйкестендірунөмірі _________________________________
жеке басынкуәландыратынқұжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді _____________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
мекенжайы:_____________________________________________________
телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________
Жеке кәсіпкерретінде қызметтіңбасталуы туралыхабарламажеке тұлғаүшін:
орналасқан жері ________________________________________________
хабарлама күні ________________________________________________
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың атауы:
_________________________________________________________________
_____________________________________________________________
_________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы
_________________________________________________________________
Өтінім берілген күн:20___жылғы________________