Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 «Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидасында:
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.».