Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2 – тармақтың 3) – тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық жетістіктерді енгізу және тарату бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялары жүктелген «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі» (бұдан әрі - бағдарламаның әкімшісі)»;
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары 5-1 қосымшамен толықтырылсын.
Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларының 21 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 5 немесе 5.1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша инновациялық жоба туралы шарт жобасын іріктеуден өткен өтініш берушіге жолдайды».
Лауазымы Тегі, аты-жөні