Хабарландыру

Хабарландыру

        Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2023 жылы 2 ақпанда келіп түскен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылдың 2 ақпанында жолдаған № 3-4-8/451И хаты негізінде, мұнай өнімдерін жеткізушілерге Атырау МӨЗ-нан ресурс ұстаушылар арқылы облысқа 2023 жылғы көктемгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады. Бөлінген дизель отыны көлемі – 0,04 мың тонна. Зауыттан жіберу бағасы -  222 000  тенге/тоннасына.

       Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер өлшемшарттарға сәйкес төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:

 

  1. МӨЗ-ден мұнай базасына дейін жанар-жағармайды тасымалдау бойынша есеп (шығындар калькуляциясы), мұнай базасы мен ЖҚБ босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары.
  2. Салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама.
  3. Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы.
  4. Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада оператордың банктік шотынан қаржы қаражатының бар екені туралы үзінді немесе екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты.
  5. Жеткізілетін дизель отыны көлеміне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтауға және босатуға арналған мұнай базаларының болуы.
  6. Қажет болған жағдайда дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе басқада да заңды негіздерде жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған көлік құралдарынын бар болуы.
  7. Автожанармай құю станцияларының (АЖҚС) болуы және АШТӨ талон жүйесі арқылы 5 тоннаға дейін дизель отынын жіберуге келісім.
  8. Потенциалды Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іске асыру туралы облыстың Ауыл шаруашылық басқармасына міндетті түрде күн сайын ақпарат беру туралы келісім хат.
  9. Дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.

      Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 31 наурыз күні сағат 17-00  дейін (жұмыс күндері) мына мекен-жайда жүргізіледі:  Актау қаласы, 23 ш/а, 14 ғимарат, № 9 кабинет. Құжаттар пакеті тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген және конвертте болуы тиіс. (Конверт комиссияның қатысуымен ашылады).

    Анықтама бойынша 8 (7292) 60-54-38  телефон  нөміріне хабарласуға болады.

 

Хабарландыру
Дата публикации
27 марта 2023