Хабарлама
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2023 жылы 2 ақпанда келіп түскен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылдың 2 ақпанында жолдаған № 3-4-8/451И хаты негізінде, мұнай өнімдерін жеткізушілерге Атырау МӨЗ-нан ресурс ұстаушылар арқылы облысқа 2023 жылғы көктемгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады. Бөлінген дизель отыны көлемі – 0,04 мың тонна. Зауыттан жіберу бағасы - 222 000 тенге/тоннасына.
Дизель отынын тасымалдауға ниет білдіруші жеткізушілер өлшемшарттарға сәйкес төмендегі көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну қажет:
- МӨЗ-ден мұнай базасына дейін жанар-жағармайды тасымалдау бойынша есеп (шығындар калькуляциясы), мұнай базасы мен ЖҚБ босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары.
- Салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама.
- Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы.
- Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада оператордың банктік шотынан қаржы қаражатының бар екені туралы үзінді немесе екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты.
- Жеткізілетін дизель отыны көлеміне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтауға және босатуға арналған мұнай базаларының болуы.
- Қажет болған жағдайда дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе басқада да заңды негіздерде жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған көлік құралдарынын бар болуы.
- Автожанармай құю станцияларының (АЖҚС) болуы және АШТӨ талон жүйесі арқылы 5 тоннаға дейін дизель отынын жіберуге келісім.
- Потенциалды Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іске асыру туралы облыстың Ауыл шаруашылық басқармасына міндетті түрде күн сайын ақпарат беру туралы келісім хат.
- Дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.
Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20 наурыз күні сағат 17-00 дейін (жұмыс күндері) мына мекен-жайда жүргізіледі: Актау қаласы, 23 ш/а, 14 ғимарат, № 9 кабинет. Құжаттар пакеті тігілген, нөмірленген, мөрмен бекітілген және конвертте болуы тиіс. (Конверт комиссияның қатысуымен ашылады).
Анықтама бойынша 8 (7292) 60-54-38 телефон нөміріне хабарласуға болады.