Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 2 қазандағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4002 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев