2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
- Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
- «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев
|