Ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

 

Ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

 

Ақтау қаласы                                                                      «28» мамыр 2022 жыл

 

         «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 28.04.2022 жылғы  № 01-05/22 бұйрығымен бекітілген жұмысшы тобымен жүргізілді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 28.04.2022ж.  - 28.05.2022 ж. аралығы.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 01.01.2021 ж.            - 31.12.2021 ж. аралығы.

         Басқарма өз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы                               28 мамырдағы № 128 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық - құқықтық нысандағы заңды тұлға. Басқарманың  құрылтайшысы «Маңғыстау облысы әкімдігі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

 

Ішкі талдау өткізудің мақсаты мен міндеттері

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мақсаты - Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлық қатерлерін туындатуы мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту (жою) бойынша тиісті шаралар қабылдау.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басқарма қызметінің келесі бағыттары бойынша жүргізіледі.

1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)  Персоналды басқару бойынша қызметті зерделеу;

3) Көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау жасау.

 

Басқарма өз қызметін:

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» № 66 Заңына;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» №416-V Заңына;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына;

2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына;

Ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама
Дата публикации
30 мая 2022