Маңғыстау облысының эпизоотиялық ахуалы бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығының қорытынды ақпараты

Маңғыстау облысының эпизоотиялық ахуалы бойынша

2022 жылдың І жартыжылдығының қорытынды ақпараты

 

   2022 жылдың І жартыжылдығында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу мақсатында,  облыста төмендегідей жоспарлы іс-шаралар атқарылды:

- Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына  оның  ішінде  ұсақ мүйізді малдың брадзоты, анаэробты энтеротоксемиясы, сібір жарасы, құтыру, қой және түйе күлі, түйе обасы, пастереллез, қарасан, маңқа, лептоспироз, туберкулез, етқоректілердің эхинококкозы ауруларына қарсы (вакцинациялау және аллергиялық зерттеу) іс-шараларының жоспарына сәйкес, 205 152 доза препарат жұмсалды;

- Жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына, оның ішінде  ірі қара мал, ұсақ мал, түйе - бруцеллезіне, тұқымдық қошқардың жұқпалы эпидидимитіне, жануарлардың барлық түрінің  құтыру, пастереллез, брадзот, анаэробты энтеротоксемия, ұсақ мал күлі ауруларына барлығы 52 179 қан сынамалары (Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандары – ҚР АШМ ВБжҚК-нің «РВЗ» РМК МОФ-ның Құрық ауылында орналасқан бөлімшесіне, Бейнеу ауданы – ҚР АШМ ВБжҚК-нің «РВЗ» РМК МОФ-ның Бейнеу ауылында орналасқан бөлімшесіне, Маңғыстау ауданы – ҚР АШМ ВБжҚК-нің «РВЗ» РМК МОФ-ның Шетпе ауылында орналасқан бөлімшесіне тапсырылады) тексерілді, жануарлардың аса қауіпті аурулары анықталған жоқ.

 

Маңғыстау облысы бойынша қуаңшылыққа байланысты аштықтан (алиментарлық дистрофия) өлім-жітімге ұшыраған мал саны туралы ақпарат

 

№

Аудан, қала атауы

Мүйізді ірі қара

Мүйізді ұсақ мал

Түйе

Жылқы

Барлығы

1

Ақтау

-

-

-

-

-

2

Жаңаөзен

-

-

-

-

-

3

Бейнеу

-

-

6

24

30

4

Қарақия

31

58

-

65

154

5

Маңғыстау

-

-

-

7

7

6

Мұнайлы

-

96

14

70

180

7

Түпқараған

8

-

-

10

18

 

Облыс бойынша

39

154

20

176

389

                                              

Анықтама үшін!

«Алиментарлық дистрофия» – жалпы жүдеумен, барлық зат алмасудың бұзылуымен, тіндер мен органдардың функциясының бұзылуымен және дистрофиясымен көрінетін, ұзақ мерзім бойына қоректік заттардың (тағамның) жетіспеушілік ауруы.

 

2022 жылдың мамыр айында Бейнеу ауданы Сарға ауылында «Иман» ШҚ (Б. Түркменбаев) аумағында жабайы 1 түлкі жануарынан Құтыру белгісі байқалып, зертханалық тексеру нәтижесінде (ҚР АШМ ВБжҚК «РВЗ» Атырау облыстық филиалының (25.05.2022 ж.)  № SO-22-R01/6(02)-00019/E-00194-A-E сараптама актісі) Құтыруға оң (ауру қоздырғышының бар екендігі туралы) нәтиже берілді. Осыдан кейін, Сарға ауылы әкімінің шешімімен (№ 20, 01.06.2022ж.) аумаққа шектеу іс-шаралары енгізіліп, тиісті іс-шаралары (242 бас ұсақ мал, 1 бас түйе, 1 бас сиыр, 1 бас ит вакцинацияланғаннан және дезинфекциялау іс-шаралары) жүргізілгеннен және аяқталғаннан кейін, ауыл әкімінің шешімімен (№ 23, 21.06.2022ж.) шектеу іс-шаралары  алынып тасталды.

Қазіргі таңда облыс аумағында эпизоотиялық ахуал тұрақты.

 

«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

Ветеринария бөлімі

 

 

 

Маңғыстау облысының эпизоотиялық ахуалы бойынша 2022 жылдың І жартыжылдығының қорытынды ақпараты
Дата публикации
01 июля 2022