Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша 2021 жылдың
III тоқсанындағы атқарылған жұмыстарға талдамалық анықтама
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне (17.10.2020 ж. №390 н/қ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестрі) cәйкес, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен көрсетілетін (бұдан әрі – Басқарма) 24 мемлекеттік қызмет түрі тіркелген.
2021 жылдың III-тоқсандығының қорытындысы бойынша басқармамен бекітілген мемлекеттік қызметтің бес түрі бойынша барлығы 100 өтінім түсіп, оның барлығы - «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді, ал қалған 7-не қызмет көрсетуден дәлелді бас тартылды.
Басқармада 2021 жылдың III-тоқсандығының басқарма бөлімдерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілмендігін және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде басқарма тарапынан мерзім бұзушылықтар мен арыз шағымдар анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 24, электронды түрде көрсетілетін қызмет саны 24, негізгі көрсетіп отырған қызмет саны 8.