Қарақия ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Қарақия ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

 

           Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының                 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі                               № 01-43/203 ұсынысының негізінде Маңғыстау облысының әкімдігі                        ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақ белгіленсін.
  2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3.   Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қарақия ауданында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
Дата публикации
06 апреля 2022