«Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 02 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 02 қазандағы             № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 02 қазандағы № 213 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі №135307, 2019 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында: 

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін «Маңғыстау облысының  ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөнінде келісімшарт жасау жолымен  қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шартында көрсетілмегендерге қосымша енгізуге болады.»;

Мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін үш жыл мерзімге «Маңғыстау облысының  ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы) мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері жөнінде міндеттемелері көрсетілген қосымша шарт жасасады.

 Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.»;

Мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:

 «9-2. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша мамандандырылған ұйымның үстеме шығындары азық-түлік тауарларының бекітілген және нарықтық бағалары айырмасы есебінен, сондай-ақ уақытша бос қаражаттарды екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырудан түскен табыстар есебінен жабылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынады.»;  

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «16. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі Статистикалық жұмыстар жоспарына (апта сайынғы) сәйкес шекті сауда үстемесін бекіту кезінде сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10%-ға немесе одан да көп төмен бағаларды ұстауды ескере отырып қалыптастырылады.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «19. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибюторлардан) алынады.»;

23-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

 «23. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеуші ықпал етуді қажет ететін баға деңгейінің көтерілуі жағдайында 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тауарлық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдайды.»;

31-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

 «31. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:

1) Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігінде немесе жалға алу құқығында азық-түлік тауарларын дұрыс сақтауға және өткізуге арналған арнайы жабдықталған қойма немесе басқа да алаңдары бар, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын ұстап тұруға бағытталаған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін азық-түлік тауарларын сатып алу және басқа қызметтерді орындауға арналған өнеркәсіптік немесе сауда-логистика инфрақұрылымы болуы тиіс

2) Кәсіпорын субъектісі өтініштің қарастырылуы кезінде банкроттық немесе жабылу  сатсында болмауы тиіс;

3) Кәсіпорын субъектісі өтініштің қарастырылуы кезінде жосықсыз жеткізушілер тізімінде болмауы тиіс.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Қаржыландыру көзі болып жергілікті атқарушы органдар бөлетін, оның ішінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бұрын бөлінген қаражат болып табылады.».

  1. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 02 қазандағы № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
27 марта 2020