Мал азығы құнын арзандату мақсатында тасымал шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.   Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мал азығы құнын арзандату мақсатында тасымал шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілсін.
  2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ. М. Ниязовқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Маңғыстау облысының әкімі                                         С. Трумов

Мал азығы құнын арзандату мақсатында тасымал шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
16 июня 2021