2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы
2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдері бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 70 «Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3859 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. А. Қашақовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2020 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралыДата публикации
14 февраля 2020