Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 166 қаулысы «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2753 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 187 «Түпқараған ауданының «Дана», «Жарас», «Әулет» шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2302 болып тіркелген, 2015 жылы 17 қазанда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын: 2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. А. Қашақовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов