
Талғат Әбжитұлы 1980 жылғы 15 желтоқсанда Маңғыстау ауданы, Онды ауылында дүниеге келген.
2002 жылы «Қайнар» Университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003-2004 жылдары «Куат-сервис» ААҚ-да бас маман болып бастады. 2004- 2006 жылдары Онды селосы әкімі аппаратында бас маман, 2006-2007 жылдары Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімінің кеңесшісі, 2008-2010 жылдары Шайыр ауылының әкімі, 2010-2012 жылдары Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2016 жылдары Маңғыстау аудандық Мәслихатының хатшысы және 2016 жылдан бастап Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2025-2026 жылдары Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.