8 - наурыз ауылымыздың Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ауыл әкімі Ғ.Балғабаев пен әкімшілік қызметкерлері мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкер ханымдарды мейрамымен құттықтады.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ауылымызда жоғары деңгейде аталып өтті!
Көктемнің шуақты мерекесі ауыл тұрғындарының басын қосып, ұлттық салт-дәстүріміз дәріптелген, берекесі мен бірлігі жарасқан керемет кешке ұласты. Ақ дастархан жайылып, ән мен күй шырқалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл мереке – жаңару мен жақсылықтың, татулық пен бірліктің символы. Ауылымыздың әрбір тұрғыны мерекеге белсене қатысып, Наурыздың шынайы рухын сезінді.
🌿 Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен шаттық тілейміз!
Қызан ауылына жаңа дәрігер!
Маңғыстау аудандық орталық ауруханасына қарасты Қызан ауылы дәрігерлік амбулаториясына жаңа дәрігер жұмысқа қабылданып, халыққа медициналық қызмет көрсетіп, жұмысын бастап кетті.
Жас дәрігер Құралов Бекболат Бекжанұлына жаңа қызметінде зор табыс, мықты денсаулық және абыройлы еңбек тілейміз!
Халық саулығына қызмет еткен қадамдарыңыз әрдайым сәтті болсын!
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
Ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары мен жастар арасында
футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
Аталған спорттық іс-шаралардың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау,
жастарды бұқаралық спортқа тарту, патриоттық рухты күшейту
және ауыл тұрғындары арасында достық пен бірлікті нығайту.
Жарыстар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ауыл әкімдігі атынан
арнайы дипломдар мен қаржылай марапаттарға ие болды.
Қызан ауылында өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді.
Қызан ауылында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа өрт сөндіру пункті өз жұмысын бастады. Маңызды нысанның ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Аталған шараға Төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасары Мирбек Қараев, аудан әкімі Ғалымжан Ниязов қатысты.
Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Ниязов жұмыс сапарымен Қызан ауылында болып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен аудан басшысы Ардагерлер үйі мен Жастар үйі орталығының ашылу салтанатына қатысып, жаңа нысандардың ауыл өміріндегі маңыздылығына тоқталды.
Бұл орталықтар – ардагерлер мен жастардың белсенділігі мен бірлігін арттыруға бағытталған маңызды орындар.
25 қазан Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ауылымызда мекемелер арасында волейболдан және ауыл жастары арасында футболдан жарыстар өткізілді.
Мерекелік спорттық шара ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен отансүйгіштік рухын нығайтты.
Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ел тәуелсіздігін дәріптеу болды.Үздік командалар мен ойыншылар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бүгін, Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бізде бұл шарадан қалыс қалмай, ауылымыздағы ең үлгілі отбасылар Бөлеубайұлы Әзімбай және Мыңбаев Тергеубай аталарымыздың отбасын бүгінгі мерекесімен құттықтадық.
Дендеріне саулық, отбасына амандық, әрқашан шаңырағы биік болуын тілейміз!
Әліби Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебі 14 - наурыз Амал мерекесіне арнап “Амал келді, жыл келді” атты тәрбиелік шараны атап өтті. Мереке концерттік бағдарламамен басталып, сыныптар арасында әдеп-ғұрыптан тапсырмалар беріліп, ұлттық ойындармен жалғасты. Қазақтың ұлттық тағамдарды дайындап, Наурыз көже пісірілді. Мереке соңында балаларға “Наурыз кәде” таратылды.
1 наурызда кадр резервіне іріктеу басталды.
Резервтің мақсаты: Өңірді жас басшылар пулын қалыптастыру;
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Салалық бағыттар өңірдің қажеттіліктеріне қарай анықталады
Іріктеу кезеңдері onir.pkrezerv.gov.kz сайтында өтінім беру және қажетті құжаттардың көшірмелерін жүктеу;
Қажетті құжаттар:
Заңнаманы білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден өту керек;
Сарапшылар үміткердің құзыреттерін топтық және жеке жаттығулардың қорытындысы бойынша бағалайды.
Өңірлік комиссиядағы құрылымдық сұхбат кезеңінде үміткерлер өз жобасын таныстырады
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Өңірлік кадр комиссиясының отырысында өңірлік кадр резерві қалыптастырылады