Аудан әкімінің жұмыс сапары Тұщыбек ауылында жалғасты
Маңғыстау ауданы әкімі Ғалымжан Ниязов Тұщыбек ауылында салынып жатқан ветеринариялық пункттің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда нысандағы жұмыстар толықтай аяқталуға жақын. Ауылда демеушілер есебінен орнатылып жатқан рәміздер алаңының құрылысын және ұзындығы 2,5 шақырым, ені 1,5 метр болатын жалпы ауданы 3750 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолының жұмыс барысын көрді.
Келесі барған 27 тәрбиеленушісі бар бөбекжай ғимараты да ескіре бастаған, жөндеу жұмыстарын қажет етуде екендігі айтылды. Сондай- ақ, «Сағын- мед» клиникасы қолданып отырған ескі медпункт ғимараты жергілікті әкімдік теңгеріміне алынуда. Алдағы уақытта аталған нысанға жөндеу жұмыстарына жобалық- сметалық құжаттама жасау, қажеттілікке қарай пайдалану туралы сөз болды.
Сапар барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды асфальттау, мектепке қызметтік көлік қажеттігі, жұмысқа орналасу, мал азығының бағасы, «Аман бұлақ» тұсындағы жол бойын жарықтандыру, сондай-ақ Отпан тауда ұлттық спорт түрлерін (құсбегілік, атбегілік) дамыту арқылы туризмді өркендету мәселелері қозғалды.
https://www.facebook.com/share/v/1Bci73UNkW/?mibextid=wwXIfr
Маңғыстау ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Школьники Отпанского сельского округа приняли участие в республиканском турнире «Осенний Алматы», проходившем в Алматы с 22 по 29 октября, Мерей Айшуакулы заняла 1 место по джиу-джитсу, а Аманкос Мырзабек – 2 место. Мы искренне желаем нашим юным спортсменам добиться больших высот в развитии нашей страны, добиться побед в увлекательных соревнованиях. #селоОтпан
Отпан ауылдық округінде Наурыз тойы тойланды. Тұщыбек ауылында "Армысың, әз -Наурыз" атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында ауыл әкімі Беркін Сырымұлы ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, ауыл ақсақалдарына сөз берді, тілектер айтылды. Әндер айтылып, бүлдіршіндер би биледі. Шара соңы арқан тартыс, қол күрес, қой көтеру т,б спорттық ойындармен жалғасты.
8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "Адай ата- Отпан тау" тарихи- мәдени кешені ұжымының ұйымдастыруымен Маңғыстау ауданына қарасты әкімдіктерінде мемлекеттік қызметте жасайтын нәзік жандылармен кездесу өтті. Шара барысында әкімдіктердегі бас мамандар өздерінің атқарып жүрген қызмтеті, өмірбаяны және қоғамдағы қыз баланың тәрбиесі жайында айтылып, өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар "Тұщыбек мектеп- бөбекжай кешенінің" оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Тұщыбек ауылдық кітапханасы
Тұщыбек ауылдық кітапханасына жаңадан түскен кітаптарды насихаттау барысында "Жаңа кітап - жаңа сыр" атты кітап көрмесі өткізілді. Көрмеге түрлі саланы қамтитын тарихи және көркем әдеби кітаптар, танымдық әдебиеттер қойылды.