
+
«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешені.
«Адай ата – Отпан тау» тарихи этно-мәдени кешені көрнекті ақын, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сабыр Адайдың идеясы бойынша, бүкіл қазақ елінің қолдауы бойынша өлкемізге белгілі шебер, сәулетшілер Мақсот Нұрқабаев, Көпбол Демесінов және Көшер Байғазиевтің біріккен жобасы бойынша 2007 жылы қазан айында Отпан тау шоқысында тұрғызылды. 2007 ж. 25 қазан күні кешеннің ашылуы болып, |Адай атаға арнап ас берілді. 2009 жылдан мемлекет қарауына беріліп, облыстық мәдениет басқармасына қарасты «Отпан» МКҚК құрылып, кешен кәсіпорын қарамағына берілді. 2010 жылдан бері кешенде түрлі мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп келеді. Атап айтар болсақ дәстүрлі «Амал» мерекесі, құсбегілер мен саятшыларға арналған «Салбурын», жастарға арналған «Ай астында – алтыбақан», «Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты ақындар кездесуі, «Үлгілі келін» конкурсы, «Аналар – ошақ бақыты», «Бақытты балалық шақ», «Өлке мақтаныштары», «Отан қорғау – азаматтық парыз», «Ақ тілеудын белгісі – бата» атты шаралар тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Басқа да ақпараттар қажет болса ФБ «Адай ата – Отпан тау»тарихи этно-мәдени кешені», Инстаграмда adaiataotpan парақшалары, www.otpan.kz cайтынан табуға болады.