
Ауыл шаруашылығы
Отпан ауылдық округінде 7 шаруа қожалығы бар. Оның 3 -еуі мал шаруашылығымен айналысса , 2- еуі бау- бақшалық, егін шаруашылығы және 2- еуі аралас шаруашылықтармен айналысады. Округ бойынша жеке және шаруа қожалықтарда 2290 ұсақ мал, 153 сиыр, 1030 жылқы, 500 дей түйе малдары тіркелген. Отпан ауылдық округке қарасты №15 бекеті бойында орналасқан мал шаруашылықтары ет, сүт және шұбат өнімдерін өндірсе, Тұщыбек бойынша шаруа қожалықтары жеміс -жидек және көкөністердің бірнеше түрлерін өсіреді.