Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты

"Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме туралы Ереже 1 тарау Жалпы ережелер 1."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Дәулет ауылы әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттықталдау ұйымдыққұқықтық хаттамалық құжаттамалық және материалдықтехникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады 2."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады 3."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдыққұқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады 4."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтыққұқықтық қатынастарға түседі 5."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтыққұқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар 6."Дәулет ауылы әкімінің аппараты "мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен" Дәулет ауылы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды 7."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі 8. мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде "Дәулет ауылы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі ; 9.осы ереже "Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі 10."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады 11."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне мекеменің қызметі болып табылатын міндеттерді орындау кезінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады Егер" Дәулет ауылы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе онда мұндай қызметтен алынған кірістер аудандық бюджеттің кірісіне жіберіледі 2 тарау Мемлекеттік органның миссиясы негізгі функциялары функциялары құқықтары мен міндеттері 13. Дәулет ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің миссиясы : "Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттің атқарылуын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтің барлық салаларында мемлекеттік тілге көшуді қамтамасыз ету, аудан әкімі қызметінің құқықтық және өзге де мәселелерін шешу жөніндегі іс-шараларға қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады 14. тапсырмалар: 1) ауыл әкімі мен оның аппаратының жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді; 2) ауыл әкімі және оның орынбасарлары өткізетін отырыстарды жиналыстарды кездесулер мен сапарларды ауыл әкімдігінің басқа да іс-шараларын ақпараттықталдамалық құқықтық ұйымдастырушылық консультациялық және материалдықтехникалық қамтамасыз ету; 3) ауылдық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру 15. функциялар: аудан әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету; "Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен қызметінің орындалуын қамтамасыз ету және үйлестіру ; ауыл әкімі шешімдері мен өкімдерінің, ауыл бөлімдері дайындаған ауыл әкімдігі қаулыларының жобаларына сараптама жүргізу ауыл әкімін ауыл аумағындағы жағдайлар туралы уақтылы және толық хабардар ету; қызметтік құжаттарды азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау; азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттық қызметтер көрсетуді бақылау; Сенат және Мәжіліс депутаттарының, Қазақстан Республикасы облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарының өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу терроризмнің алдын алу сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы тиісті аумақта терроризмнің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және ауылдық елді мекендердің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін үйлестіру; жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу және бақылау; Дәулет ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесін цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау ; 16. құқықтары мен міндеттері: Негізгі міндеттерді және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай құқықтар болады: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан мекемелерінен олардың уәкілетті адамдарынан қажетті құжаттарды қорытындыларды анықтамаларды және басқа да материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға; 2) ауыл әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларының және ауыл әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобаларын әзірлеуге ұсыныстар енгізуге және қатысуға; 3) ауыл әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерін, ауыл әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелерін құру қайта ұйымдастыру тарату туралы ұсыныстар енгізу; 4) заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру; 5) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға; 6) кадрларды оқытуды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға; 7)"Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және мекемелермен хат алмасу ; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы 3-тарау Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 17."Дәулет ауылы әкімінің аппараты "мемлекеттік мекемесіне басшылықты" Дәулет ауылы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады 18."Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын ауыл әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады 19. Дәулет ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі : 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) "Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлейді және оны аудан әкіміне бекітуге ұсынады; 3) ағымдағы жоспарларды бекітеді; 4) заңнамада белгіленген тәртіппен"Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазаларды белгілеу мәселелерін шешеді ; 5) Өз құзыреті шегінде басқарушылық сипаттағы мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және қол қояды; 6)"Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін айқындайды ; 7) "Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады; 9)" Дәулет ауылы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға дербес жауапты болады 10) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; 11) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 12) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 13) еңбек қатынастары мәселелері Жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда аппарат мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді; 14) ауылдық жергілікті атқарушы және өкілді органдар қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды; 15) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады 16) " Дәулет ауылы "әкім аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында бөлімдер және (немесе) құрылымдық бөлімшелер құрылады 17) мемлекеттік органда кәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастырады; 18) Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын оның ішінде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу даярлау қайта даярлау біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз етеді; 19) кадр мәселелері жөніндегі конкурстық тәртіптік аттестаттау және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 20) кадрларды іріктеуді, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеуді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыруды, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады; 21) мемлекеттік наградаларға ұсыну бойынша материалдарды уақтылы және сапалы әзірлеуді ұйымдастырады; 22) құрылымдық бөлімшелер осы Ереженің және аппарат басшысының бұйрығымен бекітілетін бөлімшелер және (немесе) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелердің негізінде әрекет етеді "Дәулет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты
Дата публикации
24 декабря 2024