Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Дін

Қасиетті ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімі Ержан Күмісқалиев, ҚМДБ діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайл қажы Сүйерқұлұлы, Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкерлер мен ақсақалдар қатысты. Салтанатты шараны Маңғыстау облыстық орталық мешітінің азаншысы Әли Қазақ Құран оқумен ашып, Смайл қажы Сүйерқұлұлы бата жасады. Мешіттің салынуына бастама көтерген Қосныяз Жақсыкелді сөз алып, кәсіпкерлердің ұйымшылдық көрсетіп, аз уақытта мешітті тапсырып отырғанына алғыс білдірді. Жастарға имандылық тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекенге айналса деген тілектерін жеткізді. Шараға қатысқан Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев жетінші мешіттің ашылуымен құттықтады. - Бүгінгі ашылған «Әбу молда» мешіті аудандағы жетінші рухани орын болмақ. Сіздерді жаңа мешіттің ашылуымен құттықтаймын! Адамзатты имандылыққа шақыратын жер ол – мешіт. Жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын, - деді Ержан Күмісқалиев. Бұл мешітке діни басқарманың шешімімен «Әбу молда» атауы беріліп, Чавкаров Берік имам болып тағайындалды. Оны жамағатқа Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы таныстырды. Ол осыған дейін Қызылтөбе ауылының «Мұстафа» мешітінің найб имамы қызметін атқарған. Шара соңында марқұмдардың рухына құран бағышталып, ас берілді және қонақтар мешіттің ішін аралап танысты.


Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы