

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Мұнайлыға келді
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Маңғыстауға іс-сапары аясында Мұнайлы ауданына ат басын бұрып, бірқатар нысандарды аралады.
Алдымен, Дәулет ауылындағы салынып жатқан 200 орындық кітапханасы бар аула клубына барды. Қазіргі кезде ғимараттың құрылыс барысы қарқынды жүруде. 30% жұмыс аяқталған.
-Нысан 2 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 2261,16 шаршы метр. Мұнда ауыл тұрғындары бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік алады. Түрлі үйірмелер ашу жоспарланған. Қазір құрылыс басында 10-ға жуық жұмысшы еңбек етуде,-деді аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев.