
Баянды ауылы бойынша жалпы ұзындығы 26 шақырым ауылішлік автомобиль жолы бар. Оның ішінде 24 шақырымы толықтай асфальт жабындысымен қамтылған.
Қосымша 2 шақырым ауылішілік автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша, Жол активтері ұлттық сапа орталығының Маңғыстау облыстық филиалы мамандарымен жол төсемі қаралып, орташа жөндеу жұмыстары есебінен жүргізуге жататындығы анықталды.
Соған сәйкес, қазіргі таңда, аталған ауылішілік автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша сметалық құжаттары жасақталуда.
Ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстау масқатында 5,3 млн.тг қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне сәйкес жеке кәсіпкер «Жанболат» мекемесімен 3,5 млн.тг келісім-шарт жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауылішілік автомобиль жолдарында жалпы саны 63 жол белгісі орналастырылған.
Қосымша автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары есебінен 50 дана жол белгісін орнату жоспарланып, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 25- дана жол белгісі, 2 орынға жасанды жол кедергісі, және 4 орынға жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар және 6 шақырым автомобиль жолына жол жолақтары сызылды.