
Баянды дәрігерлік амбулаториясы 2013жылы ашылып қолданысқа берілді. 2023 жылы дәрігерлік амбулатория ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, халыққа қызмет көрсетуін жалғастыруда.
«Баянды» медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы 2014 жылдың наурыз айында «100 мектеп-100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында, жұмысын бастады.
Бүгінгі таңда, емханада 5 тәжірибелік дәрігер, акушер-гинеколог, физиотерапия, психолог, әлеуметтік қызметкер, күндізгі стационар, емшара кабинеті, балаларды дамыту кабинеті және 27 жалпы тәжірибелік медбикелер қызмет атқарады.
2023 жылдың желтоқсан айында аккредитациядан өтіп бірінші санат алды.
2024 жылы қазан айында «Баянды»медициналық санитарлық алғашқы көмек орталығы шағын үздік тәжірибе орталығы болып ашылды.