
СҰҢҚАР АУЛА КЛУБЫ
Мұнайлы ауданы Баянды ауылында орналасқан «Сұңқар» аула клубы 2015 жылдың 15 шілдесінен бері өз жұмысын жасап келе жатыр. Аула клуб – балаларға арналған мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие мен қосымша әртүрлі саладағы үйірмелерге баулитын тәрбие түрі. Домбыра үйірмесі екеу, вокал үйірмесі екеу, тігін үйірмесі, сурет үйірмесі, шахмат үйірмесі, тоғызқұмалақ үйірмесі және қолөнер үйірмесі жұмыс жасайды. Бұнда балалар бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылыққа бейім болып өседі. Қазіргі таңда үйірмелердегі оқушылар саны - 390. Барлық үйірмеге қатысу тегін. Үйірмеге келетін балалардың жасы 7 мен 17 жас аралығын қамтиды. Өткізілетін іс –шаралар балаларға нақты ,қызық көрінетін нәтижесі бар жаңалыққа толы болуы маңызды. Аула клута балалар үшін барлық керекті заттармен қамтылған.
БАЯНДЫ АУЫЛЫ КЛУБЫ
"Баянды ауыл клубы" МКҚК.
Казіргі таңда 3 үйірме, 4 ұжым жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жыр терме, көркем сөз, домбыра, вокал, кол өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Жылына 41 мәдени іс-шара жоспарланып әр түлі бағытта ұйымдастырлуда.
Баянды ауыл клубының басты міндеті: ауылда тұратын көпшілікпен мәдени шаралар өткізіп, ауыл ішіндегі өнерлі, талантты тұлғаларды даралап, солармен жұмыс жасау болып табылады. Атқарылатын жұмыстардың санқырлы түрлерін дамыта отырып, халыққа мәдени қызмет көрсетудің жалпы деңгейін көтеру, жас ұрпақтың сапалы да саналы өсуіне ықпал ету және ел арасынан таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету.