
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ.
Ауылдық округте «Жастар» саябағы, орталық мәдени-демалыс орны, 2 жабық спорт кешені, 4 ашық футбол алаңы, воркаут, волейбол және 8 балалар ойын алаңдары бар.
Ауылдық округте «Батыр аула клубы» жұмыс жасайды. Аула клубында 7 үйірмеде 330 бала тәлім алуда.
Ауылдық округте «AKTAY ATA» спорт кешені ашылды.Спорт кешенінде үйірмелер орналасқан.
Батыр ауылында 2023 жылы жеке меншік «Әлем» спорт кешені ашылды. Спорт кешенінде үйірмелермен қатар футбол алаңы да орналасқан.