Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғандығын хабарлайды.
2025 жылдың 3 маусымынан бастап Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
2024 жылдың 1 қазанында Қарттар күніне орай Маңғыстау облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы Ақтау қаласы 1 шығын ауданында тұратын жалғыз ілікті қарттар адамдарға азық-түлік жиынтықтарын үйлестіруді ұйымдастырды.
Маңғыстау облысының әкімі Н.И. Қилыбайдың төрағалығымен 2024 жылғы 11 қыркүйекте 2024 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінің қорытындысы және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңіне тапсырмалар қою жөніндегі жиналыс өттті.
Аталған жиналыстағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Руслан Махмутұлы Балтемировтің баяндамасына сәйкес, көктемгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша төмендегідей көрсеткішке ие болды:
Түпқараған ауданы 142,9%;
Мұнайлы ауданы 113,3%;
Ақтау қаласы 100%;
Маңғыстау ауданы 100%;
Бейнеу ауданы 90,4%;
Жаңаөзен қаласы 90,4%;
Сондай-ақ, жиын барысында қорғаныс бөлімшелері мен әскерге шақыру пункттерінің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында әкімшілік ғимараттардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары, көлікпен жабдықтауға қатысты мәселелер талқыланды.
Біздің міндетіміз – әскерге шақыру жүйесінің тиімділігін арттыру. Қазіргі ата-аналар әскердегі соңғы оқиғаларға байланысты балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына алаңдаушылық білдіруде. Осы себепті жастарымыздың Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарымызда болуы тиіс. Сонымен қатар, инфрақұрылымды жақсарту жобаларын жүзеге асыру қажет.– деді Нұрдәулет Қилыбай.
МаңғыстауоблысындаҚазақстанӘзірбайжанҚырғызстанТәжікстанжәнеӨзбекстанәскери қызметшілерінің қатысуымен"Бірлестік2024"халықаралықжеделтактикалықкомандалықштабтық оқу-жаттығуы өтті
Оқу-жаттығуаясындаМаңғыстауоблысыныңаумақтыққорғанысбригадасының әскери міндеттілеріменәскерижиын өткізілді
Онкүнішіндеәскерижиындарғашақырылған әскери міндеттілер даладаорналастырылыполарменстратегиялықобъектілерді қорғау және атысдайындығыбойынша практикалықсабақтарөткізілді
Аумақтыққорғанысбригадасыныңбөлімшелерінқаржыландыруменматериалдықтехникалыққамтамасыз етуді Маңғыстауоблысыныңәкімдігіжүзеге асырды
Маңғыстау облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау шілде айының 1 күні өтеді.
2024 жылғы 7 наурызда басқарманың жалпы қызметімен танысу және Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы қызметінің имиджін арттыру мақсатында Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің әскери кафедрасының студенттерін тарта отырып, "Ашық есік" акциясы өткізілді.
2024 жылғы 7 ақпанда Маңғыстау облысының дін істері басқармасының теолог маманының қатысуымен терроризм мен экстремизмге қарсы бойынша семинар өткізілді.