Адал азамат – қоғамның тірегі

Адал азамат - қоғамның тірегі.

Бүгінгі қоғамға ең алдымен адалдыққа негізделген құндылықтар қажет. Адал замат- бұл өз елін сүйетін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын және қоғам сенімін ақтайтын тұлға.

Патриотизм - тек сөз емес, ол күнделікті әрекеттен көрінеді. Өз жұмысын сапалы атқару, заңды құрметтеу, қоғамға пайда әкелу - нағыз отансүйгіштіктің белгісі.

Кәсіпқойлық -  әр азаматтың дамуға ұмтылуы, білімін жетілдіруі және ісінде жоғары нәтижеге жетуге талпынуы.

Ал мінсіз бедел - адал еңбек пен дұрыс әрекеттің нәтижесі. Сенімге ие болу -  кез келген адам үшін ең үлкен жетістік.

Әрқайсымыз адалдық пен жауапкершілікті басты қағида етсек, қоғамымыз да берік, болашағымыз да жарқын болмақ.

Дата публикации
25 марта 2026