
Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын құру мақсатында, ауылға шағын футболға арналған 11 спорт алаңшасы, бүлдіршіндерге арналған 10 балалар алаңшасы, 2 дана «Воркаут» спорт алаңшасы орнатылған.
2023 жылы «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы ауылдың төрт шағын аудандарына жаңадан көпбейінді балалар ойын алаңдарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді
2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ш.Ыбырайымұлы шағын ауданынан ангар типті спорт кешенінің құрылысы басталды.
Ауылда «Жетібай ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды. Оның ішінде күрес, бокс, таэквондо, футбол, тоғызқұмалақ үйірмелері бар.