Құрық ауылы бойынша 11 465 халық саны бар. Қазіргі уақытта ауыл халқынан тұрмыстық жағдайларына, жер, ауыз су, газ, көше жарығы мәселелері бойынша өтініштер түсуде. Осы түскен өтініштерді сараптай отырып төмендегідей жоспар жасақталды.
Құрық ауылы әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлкеттік қызмет бойынша 4 қызмет және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап қызмет көрсетеді. Аталған өтініштерді орындау барысында жүктелген міндеттерді уақытылы қолданыстағы заңдылықтарға сай орындау, дағдарыстан шығудың үкімет белгілеген міндеттерін халыққа түсіндіре отырып мемлекет саясатын іске асыру.
Осыған сәйкес, 2023 жылы ауыл әкімі аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерден талдау жүргізу барысында 35 өтініш және жеке және заңды тұлғалардан 300 өтініш түседі деп жоспарлануда. Осы аталған өтініштерді қолданыстағы заңдылыққа сай қарай отырып басым көпшілігін 200 дей өтінішті орындауды, қалғандарын тиісті мекемелерге құзыреттілігіне сәйкес қарау үшін жолдау, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірмелер беру жәнеде түскен өтініштен қара қайшылық туындаған жағдайда заң шеңберінде бас тарту бағытында жұмыстар жүргіземіз.
Сонымен қатар, 35 өтініш көрсетілетін мемлекеттік қызмет саласы бойынша түседі деп жоспарлануда. Аталған қызметтерді өзінің белгінген қағидасына сай уақытылы орындау, мерзім бұзушылық болдырмауды, дәлелсіз жауап бермеуді қатаң бақылауда ұстауға.