GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
02 мая 2025
Батырлар есімі - мәңгі есімізде

23.04.2025 ж.Құланды ауылында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жерлес ардагерлеріміз - Әли Досбергенов, Мәжекен Жарылғасов, Ізберген Құрманбаев, Ұйқасбац Аязбаев, және Құлбалай Бекенбаев аталарымыздың құрметіне арналған бокстан облысық турнир өтті.

Жарысқа 2011-2014 жылдары туған кіші жасөспірімдер қатысты.  Түркістан облысынан, Шымкент, Ақтау, Жаңаөзен қалалары және  Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандарынан келген командалар өзара бақ сынасты.

Турнирдің ашылу салтанатында Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкенов құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, патриоттық рухта өтті.

Бұл турнир - жас ұрпақтың батыр бабалар рухына тағзым етіп, олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау жолындағы маңызы зор шара болды.

Батырлар рухына тағзым - бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.

Құланды ауылы әкімшілігі.

03 февраля 2024
Қарақия ауданындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері назарына!

Қарақия ауданының әкімдігі ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ағымдағы жылы ұсыну мерзімі басталғандығын 31 наурызға дейін жүргізілетіндігін хабарлайды.

ҮЕҰ-ға infonpo.gov.kz сайтындағы электрондық есеп беру нұсқасын уақытылы толтыруды ұсынамыз.
Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:
1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы