GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Тарихи-мәдени мұра
15 октября 2026
Үстірттің мәдени ландшафттарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мәселесі қаралды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларынан құралған техникалық миссия өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында өңірдің тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде таныту, «Үстірт: мәдени ландшафттар және аңшылық тұрақтар – арналар» аралас мұра нысанын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге дайындық жұмыстары, сондай-ақ тарихи ескерткіштерді сақтау мәселелері талқыланды.

Тіл саясаты және ономастика саласы
13 октября 2026
Ақтауда фискалдық чектерді мемлекеттік тілде беру мәселесі талқыланды

Ақтауда кәсіпкерлердің фискалдық чектерді Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес рәсімдеу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері, кәсіпкерлер, сауда орталықтарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілде фискалдық чек берудің заңнамалық талаптары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік саласындағы тіл саясатының маңызы талқыланды.

Жиында фискалдық чектің тұтынушы құқығын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше мән берілді. Департамент басшысының айтуынша, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 7-бабына сәйкес азаматтардың тауар, жұмыс, қызмет және сатушы туралы толық әрі сенімді ақпарат алуға, сондай-ақ сатып алу фактісін растайтын құжатты алуға құқығы бар.

Жиын қорытындысында кәсіпкерлерге тіл туралы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, техникалық мәселелерді шешу және тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ұсыныстар айтылды.

Театр және концерттік ұйымдар
13 октября 2026
Шабыт пен шығармашылыққа толы кешке шақырамыз!

Шабыт пен шығармашылыққа толы кешке шақырамыз! 

Қолөнер көрмесі, ерекше атмосфера, музыка және жағымды көңіл-күй сізді күтеді! 

Өтетін орны: Облыстық халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығы 
1 шағын аудан 18/2
Күні: 16 қазан 
Уақыты:  16:00

Музей
13 октября 2026
Ағымдағы жылғы 9 қазан күні Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жобасы өтті

Ағымдағы жылғы 9 қазан күні Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Отпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жобасы өтті.

Жоба «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің «Қарашаңырақ» ғимаратында өткізілді. Сондай-ақ  форумға облыстың барлық ауданның  мектептерінен 150 жас маман қатысты. 
Айта кетсек бұл жоба «STEM. AI. INNOVATION»  жас педагогтерге арналған халықаралық коннектісі аясында өңірімізде бесінші жыл жүзеге асып келеді. 

Жоба аясында жас ұстаздармен топтық шаралар мен семинарлар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, музей залдарына экскурсиялар жүргізілді. 
Бұл жобаның  басты мақсаты – жас ұстаздарға кәсіби жолының алғашқы кезеңінде қолдау көрсету, тәжірибе алмасуға жағдай жасау және олардың алдағы кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру болып саналады.

Музей
Тарихи-мәдени мұра
13 октября 2026
АҚТАУДА МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ЖЕРАСТЫ МЕШІТТЕРІ БОЙЫНША ЮНЕСКО ШЕШІМІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 25 шілдеде Маңғыстаудың бес киелі кешенінің Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында берген тапсырмасын орындаудың нәтижесі болды. Қазақстандық делегацияны басқарған Ерлан Карин атап өткендей, халықтың рухани мұрасы мен мәдени бірегейлігінің әлемдік деңгейде танылуы ескерткіштерді болашақ ұрпақ үшін сақтауға айрықша жауапкершілік жүктейді.

2026 жылғы 9 қазанда Ақтауда ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің «Маңғыстаудағы жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясына қатысты шешімін орындау бойынша аймақтық жұмыс кездесуі өтті. Қатысушылар тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау жөніндегі алдағы шараларды, сондай-ақ еліміздің атынан ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін ұсынып отырған Үстірт номинациясын бағалауға халықаралық сарапшылардың келуіне дайындық барысын талқылады.

Театр және концерттік ұйымдар
13 октября 2026
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ГАСТРОЛЬДІК САПАРЫ СӘТТІ ӨТТІ

2026 жылғы 4–8 қазан күндері Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Ақмола облысының Көкшетау қаласында гастрольдік сапармен болып, көрермендерге өнер көрсетті.

Сапар аясында театрлар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту және өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Маңғыстау облыстық қуыршақ театры мен Ақмола облыстық орыс драма театры арасында меморандумға қол қойылды.

Театр және концерттік ұйымдар
13 октября 2026
«СЫРЛЫ ӘЛЕМ» ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2026 жылғы 7 қазанда Маңғыстау облыстық халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының концерт залында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәстүрлі «Сырлы әлем» облыстық шығармашылық байқауы өтті. Биыл 20 жылдан астам тарихы бар байқауға облыстың аудан-қалаларынан, қоғамдық ұйымдар мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан 96 өнерпаз қатысты.

Қатысушылар ән, аспаптық орындау, хореография, бейнелеу өнері және қолөнер бағыттарында таланттарын танытып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Байқау өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін қолдап, таланттарын танытуға және мәдени өмірге белсенді араласуына мүмкіндік берді. Шара аясында тең мүмкіндік, құрмет пен қолдау құндылықтары дәріптелді.

Театр және концерттік ұйымдар
13 октября 2026
МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ТЕАТР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық «Theatre All» фестиваліне қатысты.

Фестиваль аясында маңғыстаулық театр Бертольт Брехттің «Той» трагикомедиясын сахналады. Қойылым 2 қазан күні Астана қаласындағы «Жастар» театрының сахнасында көрермен назарына ұсынылды.

2025 жылы тұсауы кесілген қойылым отбасы, туыстық қарым-қатынас, адам тағдыры мен сыйластық тақырыптарын қозғайды.

Қойылым режиссері – Дина Жұмабай. Қоюшы-суретшісі және костюм суретшісі – Айнұр Есболатова.

Маңғыстаулық өнер ұжымына фестивальдегі сәтті өнері үшін алғыс білдіреміз!

Музей
Театр және концерттік ұйымдар
Тарихи-мәдени мұра
13 октября 2026
Атырауда «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтуде

Атырау өңірінде материалдық емес мәдени мұраны сақтау, зерделеу және кеңінен дәріптеуге бағытталған «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтуде.

Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар «Нұрлы тал» этноауылында бас қосып, ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің түрлі үлгілерімен танысты. Этноауылда ұлттық ән-жырлар орындалып, қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі ұлттық ойындар көпшілік назарына ұсынылды.

Аймақтық семинарға Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Мұзафаров, педагогика ғылымдарының кандидаты Шахман Нағымов, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген мәдениет және өнер саласының өкілдері қатысуда.

Іс-шара аясында материалдық емес мәдени мұраны зерттеу, құжаттау, сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері талқылануда. Сонымен қатар өңірде жүргізілген этнографиялық экспедициялардың нәтижелері таныстырылуда.

Музей
13 октября 2026
29 қыркүйек күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде “Әжелер салған-әрлі өнер” атты шеберлік сағаты өткізілді

29 қыркүйек күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде “Әжелер салған-әрлі өнер” атты шеберлік сағаты өткізілді.

Шеберлік сағатында Қазақ халқының қолөнерінде ши тоқу ,оларға түрлі-түсті боялуармен орауды және  өрнектеп безендіру ісінің қыр-сырын білетін Күміс Қосайқызы өзінің анасынан алған тәлім тәрбиесін айта отырып, көрермендерге өзінің  ши тоқу өнерін көрсетті.
Сонымен қатар, аталған шеберлік сағатына көрермендер болып Маңғыстау туризм колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Көрермендер Күміс Қосайқызының нұсқауларымен өз қолдарымен жүн түту, ұршық иіру, ши тоқу және кесте тігуді үйренді.

Шараны өткізудің негізгі мақсаты ұлттық қолөнерді дәріптеу, насихаттау және жастар арасында ұлттық өнерге деген құрметті қалыптастыру болып табылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы