Маңғыстау облысының мәдениет, өнер және архив жүйесінде қызмет ететін ұйымдар саны – 137:
Олар: 2 театр, 1 концерттік ұйым, 1 облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы, 44 клуб мекемесі, оның ішінде 41-і ауылдық жерлерде, 70 кітапхана, 10 музей, 1 тарихи-мәдени қорық, 8 архив мекемесі бар. Оларда штат бойынша 2693,5 қызметкер, нақты қызмет ететіндер 2518,5 маман.
Облыста мемлекеттік қорғауда 609 ескерткіш бар (оның 25-республикалық маңызы бар, 577 - жергілікті маңызы бар, сондай-ақ 849 ескерткіш алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген).
2025 жылы мәдениет саласын дамыту мақсатында бюджеттен 19,5 млрд теңге бөлінді (аудандар 8,8 млрд теңге).
Облыстағы мәдениет мекемелерінің материалдық техникалық базаларын нығайтуға жергілікті бюджеттен 1628,6 млн тг бөлініп облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығына 1 автобус, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық тарихи-мәдени қорыққа жеңіл автокөліктер, сондай-ақ облыстық филармонияға 1 жеңіл автокөлік сатып алынды. Сонымен бірге мекемелерге музыкалық аспаптар, кеңсе жиһаздары және компьютерлік жабдықтар алынды.
Қала және аудан деңгейіндегі мәдениет ұйымдары да жаңа техникамен қамтамасыз етілді. «Абай» мәдени демалыс кешеніне 2 автобус, Жаңаөзен қаласындағы Атамұра мәдениет үйіне 1 «Хайс» автобусы, Бейнеу ауданы Абыл мәдениет үйіне 54 орындық 1 автобус, Маңғыстау аудандық мәдениет үйіне 54 орындық 1 автобус, ал Қарақия аудандық мәдениет үйіне 13 орындық 1 микроавтобус сатып алынды.
Бұған қоса, облыстық кәсіби ұжымдар мен қала, аудан мәдениет үйлерінің өнерпаздары үшін сахналық костюмдер тігілді, сондай-ақ кеңсе жиһаздары мен дыбыс-жарық аппараттары алынды.
2025 жылы Мәдениет саласындағы 4 мемлекеттік қызмет түрі «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру», «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау», «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» қызмет түрлері бойынша барлығы 4672 (2024 ж. – 4548) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2025 жылы Ұлттық архив қорындағы барлық сақтау бірлігі 425 664 архив деректерінің 1,5%-ы (6688 сақтау бірлік) электрондық форматқа көшірілді.
2026 жылдың 1 қаңтарына Маңғыстау облысының мемлекеттік кітапханаларының қорлары 1 491 331 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 745 228 дана. Оқырмандардың жалпы саны 284497 адам, кітап берілімі – 1 997 699 дана.
Қазіргі уақытта кітапхана жүйесін заманауи бағытта жандандыру үшін, кітапхана қорындағы кітаптарды цифлы форматқа ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде кітапхана қорындағы өлкетану әдебиетінің 15,6%-ы (3575 аталым 560-ы) сандық форматқа ауыстырылып, мемлекеттік кітапханалық қордың бірегей ұлттық электрондық каталогын және бірегей электронды қоймасын құруға арналған (КазНЭБ) жүйесіне енгізілді.
Облыс кітапханаларының 8-інде РАБИС электронды бағдарламасы жұмыс жасайды. 2025 жыл ішінде электрондық каталогке 40894 мәлімет құйылды, яғни, қазіргі таңда электрондық мәліметтер қоры 799839 немесе барлық кітап қорының 53,6% құрайды.
Облыс мәдениет үйлерінде 11563 қатысушысы бар 521 үйірме бар, оның 340-ы балаларға арналған үйірмелер оған қатысушылар 7714 бала. «Халықтық» және «Үлгілі» мәртебесіне ие ұжымдардың саны – 198, оларға 5041 адам қатысады. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 653-НҚ бұйрығымен 52 көркемөнерпаз ұжымдарына «Халықтық» және «Үлгілі» атағы берілді.
2025 жылы облыста 3 мәдениет үйін салу жоспарланған, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 1 мәдениет нысаны салынып, пайдалануға берілді.
Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылындағы аудандық орталық кітапхансы көлемі 825 шаршы метр болатын 2 қабатты ғимарат бір мезетте 62 адамды қабылдай алады. Ғимаратта оқушы балаларға, ересектерге және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 5 оқу залы, кітап сақтау қоймасы мен интернет желісімен жабдықталған арнайы кабинеттер бар. Құрылыстың жалпы сомасы 500,396 млн теңге. Нысан 25 қазан – Республика күні және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай салтанатты түрде ашылды.
2025 жылы Мәдени инфрақұрылымды жаңғырту аясында 15 мәдениет нысанына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 381,6 млн теңге бөлінді. Төмендегі мәдениет және өнер нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Атап айтқанда:
Ақтау қаласы: Орталық қалалық кітапханасының № 9 филиалы; (Мердігер – «Мерей» ЖК 5,6 млн тг), Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы (Мердігер – «NURSULTAN» ЖК, «Алғыс» ЖК 8 5, млн тг), Маңғыстау облыстық қуыршақ театры (Мердігер - «Адель-строй» ЖК, 25,7 млн тг).
Жаңаөзен қаласы: Орталық қалалық кітапханасына қарасты Балалар кітапханасы (Мердігер - «TGroup2020» ЖШС, 4,2 млн тг), №7-филиал кітапханасы (Мердігер - «Сүйегенова» ЖК, 1,5 млн тг).
Бейнеу ауданы: Боранқұл (Мердігер -«Асет» ЖШС, 8,4 млн тг) және Сыңғырлау (Мердігер - «Жексенов» ЖК, 45,5 млн тг) ауылдарындағы ауылдық мәдениет үйлері.
Түпқараған ауданы: Таушық ауылдық мәдениет үйі. (Мердігер - Ниязбек Строй ЖШС, 12,6 млн тг).
Маңғыстау ауданы: Маңғыстау аудандық мәдениет үйі, (Мердігер - «Бек Орда» ЖШС 34,1 млн тг), Қызан (Мердігер - «Taslim Group» ЖШС, 35,4 млн тг) Онды (Мердігер -«Шыңтас» ЖШС, 2,6 млн тг) Ұштаған (Ниязбек Строй Сервис ЖШС, 18,6 млн тг) және Қосбұлақ («Design School» ЖШС, 28,8 млн тг) ауылдық мәдениет үйлері.
Мұнайлы ауданы: Қызылтөбе (Мердігер - «Касымгалиев», 29,7 млн тг.) ауылдық мәдениет үйі.
Қарақия ауданы: Сенек (Мердігер - «Меруерт» ЛТД ЖШС, 46,6 млн тг.) ауылдық мәдениет үйі.
Жалпы соңғы соңғы 3 жылда барлығы 50 мәдениет нысаны жөндеуден өтті (2022 ж. – 15, 2023 ж. – 19, 2024 ж. – 16).
Мәдени көпшілік шаралар
Маңғыстау облысының мәдениет, өнер, тіл және архив жүйесіндегі 137 мемлекеттік ұйымда барлығы 6867 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды.
Облыстағы кітапханаларда 3931 шара, облыстағы мәдениет үйлері мен концерттік ұйымдарда 2368 шара, театрларда 451 қойылым, облыстағы музейлерде 117 шара ұйымдастырылып шаралардың барлығына 1 632 949 көрермен қамтыды.
Есепті кезеңде облыс музейлері 3831 экскурсия, 93 лекция, 94 көрме (оның ішінде 12 жаңа көрме) өткізді. Оларға 94999 адам келді.
Наурыз айында Амал мерекесі халықаралық деңгейде тойланып, бауырлас көрші елдерден көптеген қонақтар келіп қатысты.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, «Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы» номинациясы бойынша Гиннесс рекордын орнатты. «Best Fest Nauryz» атауымен өткен шараға 5500-ден астам адам тіркеліп, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға өз үлестерін қосты.
2025 жылы - Ақтау қаласы - Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдалды. «Ақтау қаласы - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты 4-6 сәуір күндері ұйымдастырылып, күллі түркі дүниесінен келген қонақтарға Маңғыстаудың тұрмысы мен мәдениетін, қазақ халқына тән салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарын және даңқты бабалар ізін жалғаған қасиетті өлкенің бай тарихы дәріптелді.
4–6 сәуірде өткен ашылу салтанатында Түркі елдерінің министрлері, халықаралық ұйымдар мен өнерпаздар жиналып, Маңғыстаудың тарихы, салт-дәстүрі және өнері кеңінен насихатталды. Шараны 150 мыңнан астам көрермен тамашалады.
Ашылу салтанаты «Түркі биінің ырғағы» атты халықаралық би фестивалімен жалғасты. Бұл ерекше мәдени шара түркі әлемінің бірлігі мен рухани байланысын дәріптейтін ірі оқиға болды.
«Қырымның қырық батыры эпосының ізімен» Халықаралық «Елдік пен ерлік жыры» Түркі эпостарының фестивалі ұйымдастырылып, түркі мемлекеттерінен келген 25 жыршы қатысып, қала кешін әсем жырға бөледі.
Мерейлі жыл аясында «Түркі әлемінің тотемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция барысында Түркі халықтарының бірлігі, достығы мен ынтымағы дәріптелді.
Сонымен бірге, «Халықаралық вокалды-инструменталды ансамбльдер фестивалі» мен «Түркі елдерінің фольклорлық ансамбльдері мен халық аспаптарында орындаушылардың халықаралық фестивалі» өтті.
Аталған өнер фестивалі КСРО Халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Маңғыстау мақамдары» атты халықаралық сазгерлер байқауымен жалғасты. Байқауға қатысқан 31 үміткер Маңғыстаудың дәстүрлі мақамдарын пайдалана отырып, камералық ансамбльге (17 шығарма) және Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестріне (14 шығарма) арналған туындылар ұсынды.
Сондай-ақ, түркі халықтарының өнерін тоғыстырған опера кеші өтті. Музыка арқылы халықтарды жақындастырып, шекарасыз өнердің құдіретін танытуды мақсат тұтқан шараны 3000 мыңға жуық көрермен тамашалады.
«Даламен үндес баба өнер» атты халықаралық фестивалі және қолөнер шеберлерінің фестивалі жоғары деңгейде өтті. Халықаралық іс-шараға қазақ, әзербайжан, қырғыз, өзбек, түрікмен, мажар, түрік, башқұрт, моңғол, қалмақ, тыва, чуваш халқының 45 дәстүрлі мәдениет өкілі қатысты.
Фестиваль аясында дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер мен заманға сай креативті индустрия саласының өкілдері өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Қатысушылар көрмеде өз бұйымдарын назарға ұсынып, шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында халықаралық «Түркі жас қаламгерлері» фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында қатысушылар мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығымен танысты. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия және Түрікменстаннан келген 20–40 жас аралығындағы жас қаламгерлер қатысты.
Сонымен қатар, «Жұмбақ бояулар» атты халықаралық суретшілер мен мүсіншілер симпозиумы өтті. Симпозиумға түркі елдерінің белгілі қылқалам шеберлері қатысып, тәжірибе алмасып, шеберлік сабақтарын өткізді. Маңғыстау өлкесінің табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін өнер шығармаларын жасап, темірден жасалған мүсіндерді қала тұрғындарына тарту етті.
Мерейлі жыл аясында ғалым, мифолог Серікбол Қондыбайдың шығармашылығына арналған «Серікбол Қондыбай мұрасы және түркі әлемі» халықаралық конференциясы мен тұңғыш «Үркер» қысқаметражды анимациялық фильмдер фестивалі өтті. Екі күнге созылған мәдени іс-шара түркі дүниесінің тарихы мен аңыздарын заманауи өнер тілімен жеткізді.
Сондай-ақ, Маңғыстауда алғаш рет «Ақ Мая Fest» шұбат фестивалі өтті. Айрақты тауында ұйымдастырылған мәдени шараға 15 мыңнан астам көрермен, соның ішінде шетелдік қонақтар қатысты. Фестиваль аясында шұбаттан жасалған түрлі тағамдар мен авторлық коктейльдер ұсынылды, ұлттық ойындар көрсетілді, танымал әншілердің гала концерті, дрон және лазерлік шоу көрсетілді. «Ақ Мая Fest» – ұлттық дәстүрді дәріптеп, заманауи форматта танытқан ерекше мәдени оқиға болды.
Сонымен бірге, «Өнерлі өрен» Халықаралық балалар шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және дарынды өрендерді қолдау мақсатында өткізілді.
Өлкемізде алғаш рет «Nomad puppet Aqtau» халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтті. Фестивальге елімізден және түркітілдес мемлекеттерден келген 10 театр ұжымы қатысты. Фестиваль аясында түрлі жанрдағы қойылымдар сахналанып, көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, мәдениет пен өнер саласының тәжірибелі мамандары әріптестеріне шеберлік сағаттарын өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Ерекше қажеттілігі бар балалардың «МЕЙІРІМДІ ТҮРКІ ӘЛЕМІ» халықаралық шығармашылық фестивалі өтті. Фестивальге Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстаннан келген дарынды балалармен бірге Қазақстанның балалары қатысты. Олардың орындаған әрбір биі, әні және күйі шынайы өнердің үлгісін көрсетті. Бұл фестиваль жай ғана концерт емес, ол – ерекше балалардың бойындағы күш-жігердің, өмірге деген сүйіспеншіліктің және өнерге деген шексіз махаббаттың айқын дәлелі.
Сонымен бірге, Ақтауда түркі елдері фотосуретшілерінің халықаралық көрме-фестивалі өтті. Фестивальге 11 елден келген 14 кәсіби фотосуретші қатысты. Фотоэкспедиция барысында түсірілген үздік жұмыстардан арнайы көрме жасақталып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды.
Ақтау қаласында ІІІ Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтті. Фестивальге 7 мемлекеттен 9 театр ұжымы қатысты. Шара аясында театр директорларының кеңесі, актерлік және режиссерлік шеберлік сағаттары, қонақтармен сұхбаттар мен кездесу кештері ұйымдастырылды.
Қазан айында IV - Түркі әлемі музейлерінің кездесуі «Тас ескерткіштері – түркі әлемінің ортақ мұрасы» тақырыбындағы халықаралық симпозиум өтті. Симпозиумда музей ісінің инновациялық тәсілдері, археологиялық және этнографиялық зерттеулер, сакралды орындарды музеефикациялау және өңірлік туризмді дамыту тақырыптары талқыланды.
Осы жылдың тағы бір ірі жобасы «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль Түркі әлемі елдерінің мәдени ынтымақтастығын арттыру, түркі халықтарының киноөнерін қолдау және насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
28 қарашада «Ақтау-Түркі әлемінің астанасы» жылының жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Салтанатты жабылу рәсіміне ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері, Түркі мемлекеттері ұйымының басшылары, Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қоры, Халықаралық түркі академиясы өкілдері, сондай-ақ белгілі мәдениет қайраткерлері мен халықаралық сарапшыларды қатысты.
Салтанатты жабылу бағдарламасы аясында 28 қарашада ТҮРКСОЙ ұйымының сарапшылар жиыны мен Мәдениет министрлерінің 42-ші отырысын дәстүрлі түрде жоба қорытындысы ретінде өтті.
Аталған шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан Республикаларынан 100-ден астам шығармашылық ұжым және Қазақстанның өнерпаздары қатысты. Шара аясында Өзбекстан мемлекетіне «Түркі әлемінің асанасы» эстафетасы табысталады.
Өңірдің мәдени өмірінде маңызды оқиғалар қатарында облыстық музейдің және филармонияның 50 жылдық мерейтойы, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар болды.
Облыстағы театрлар 10 жаңа қойылым (жантөрин театры – 6 , қуыршақ театры – 4) сахналанды:
Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драма театрында Раушан Мәзғожаевтің «Көрұғлы» атты мистикалық аңызы Джордж Оруэллдің «Кісі+лер» трагифарсы Е.Рудник «Арыстан патша» ертегісінің премьерасы, Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар», Б. Брехттің «Мещанская свадьба» пьесасының желісі бойынша «ТОЙ» трагикомедиясы, Макс Фриштің «Бидерман мен өртеушілер» пьесасының желісі бойынша «Өртеушілер» сатиралық эфсанасы, Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Н.Насырованың «Ашкөз қоян», қыркүйек айында «Маша және Аю», желтоқсан айында «Қыңыр ханшайым», «Үш қар ұлпасы» атты спектакдерінің премьералары өтті.
2025 жылы облыс өнерпаздары 50 - гастрольге шықса, оның 10-ы шет елде, яғни Грузияның Тбилиси, Түрікменстанның Аваза, Түрікменбашы, Балканабат, Түркияның Стамбул, Анкара қалаларына, Ресей Федерациясының Коми Республикасына, Литва Республикасының Рокишкис және Утена қалаларында, Беларусияның Витебск, Кореяның Сеул қалаларына гастрольдік сапармен барып қайтты.
10-13 шілде аралығында Беларусь мемлекетінің Витебскі қаласында XXXIV Халықаралық «Славянский базар Витебск» өнер фестивалі өтті. Халықаралық фестивальде Маңғыстау облыстық қуыршақ театры «Салт-дәстүрді сақтаған үздік спектакль» номинациясына ие болды. Аталған шараның ерекшелігі - халықаралық фестивальге үздік номинацияларға ие болған ұжымдар ғана қатыса алады. Маңғыстау облыстық қуыршақ театры мұндай ауқымды фестивальге театр алғаш рет шақырту алған.
2025 жылы 5-8 тамыз аралығында Түрікменстанның Аваза ұлттық туристік аймағында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған үшінші конференциясы аясында ұйымдастырылған Орталық Азия елдерінің ұлттық күндеріне орай арнайы жасақталған павильондар құрылды. Қазақстан павильоны аясында Маңғыстау облысынан екі дәстүрлі киіз үй тігілді. Әр киіз үй мен айналасындағы алаң арнайы тақырыппен безендіріліп, ұлттық нақышта көркемделді.
Арнайы әзірленген көрме алаңында Маңғыстау қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме қойылды. Көрмеге жүн, сүйек, тері, күмістен жасалған бұйымдар қойылды. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі, «Жорға» би ансамблі және бір топ әншілері өнер көрсетті. Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды мәдени шарада Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының артистері өнер көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы аралап шықты. Мемлекет басшысы Қазақстан павильонында Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұсынған «Маңғыстаудың зергерлік бұйымдары» атты көшпелі көрмесін тамашалады.
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры 18-24 қазан аралығында, Коми Республикасының (Ресей) Сыктывкар қаласында өткен XII Халықаралық «В гостях у Мойдыся» қуыршақ театрлары фестиваліне қатысып, «Ең үздік спектакль» номинациясын жеңіп алды. Бұл фестивальда: Воркута, Салихарда, Йошкар-Ола, Архангельск, Владимир, Котласа, Ульяновск, Рубцов қалалары қуыршақ театрлары және Тегеран (Иран) мен Маңғыстау облыстық қуыршақ театры додаға түскен болатын.
28 қазанда Оңтүстік Корея Республикасы Сеул қаласында Маңғыстау облысының қолөнершілері «Қазақстан Ұлы дала сарыны» мерекелік бағдарламсы аясында қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің негізгі мақсаты - креативті индустрияны дамыту, жергілікті брендтердің халықаралық аренаға танымалдылығын арттыру. Қолөнершілердің қатарында, тері бұйымдарының шебері Марат Амантаев, зергер Айша Қуандықова, Өмір Төремұрат, Дамир Төребай, киіз өнімдерінің шебері Нұрғаным Сабырбаева, құрақ көрпе қолөнерінің шебері Шолпан Мергенова, қазақ үлгідегі киім шебері Тарбия Айдымбаева, жадағай брендінің негізін қалаушы Айжан Сембігалиева және сүйек өнерінің шебері Алдаберген Тіленбаев бар.
Сондай-ақ, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ ұлттық оркестрінің концерті өтті. Концертте Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов құттықтау сөз сөйлеп, мәдени шараның елдер арасындағы рухани көпір ретіндегі рөліне тоқталды. Бағдарлама барысында қазақтың және әлемдік классиктердің туындылары орындалды.
2025 жылдың 15-19 қазан аралығында Литва Республикасы Рокишкис және Утена қалаларында өткен «Theater cluster 2025» Халықаралық театр фестивалінде Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Ә.Кекілбайұлының «Шыңырау» спектаклімен қатысып «Үздік спектакль» дипломымен марапатталды.
2025 жылдың 28 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түрікменстанның Балкан велаятының хәкімі Ходжамырат Ашырмырадов бастаған бір топ делегациямен Актау қаласында кездесті.
Кездесу нәтижесінде тараптар өңіраралық әріптестікті тереңдетуге бағытталған нақты іс-шараларды бірлесе іске асыруға ниетті екенін білдірді.
Маңғыстау облысының делегатциясы 15-25 қараша аралығында Түркіменстанның Балканабат қаласы мен Түркіменбашы қаласында Абай мәдени-демалыс кешенінің өнерпаздарының шығармашылық кешін және Балканабат қаласыда Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Бабадан жеткен бағзы өнер» зергерлік бұйымдар және ұлттық киім көрмесін ұйымдастырды.
Гранттық тапсырыс
2025 жылы мемлекеттік гранттық тапсырыс аясында 30,4 млн теңгеге «Жас қаламгер», «Дәстүр жалғастығы», «Суретшілер экпедициясын ұйымдастыру» жобалары іске асырылды.
Жоба аясында Басқарма тапсырысымен «Алтын Оймақ» қолөнерді қолдау қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақ өнері мен әдет-ғұрып фестивалі – Ұмытылмас өнер» шарасы ұйымдастырылып, ұлттық өнер ұлықталды.
Ақтау қалалық суретшілер одағымен Түркия мемлекетінде бір айға жуық шығармашылық сапар ұйымдастырылып, арт-экспедиция қорытындысы бойынша «Түрік ғажаптары» атты сурет көрмесі өтті.
«Жас қаламгер» жобасы аясында «Жас Арт» жеке меншік мекемесімен Маңғыстау өңірінің шығармашыл жастары мен поэзия сүйер қауымын бір шаңырақ астына тоғыстырған «Ақиық өлке, алғи-жыр» атты Маңғыстау ақындарының кештері ұйымдастырылып, Жұмагүл Мұрсалдың «Ғашық болып қалмаңдаршы», Алтынбек Әлібаевтың «Құрақ көрпе», Гүлфарида Ермекованың «Сезім көктеп жүректе» атты жыр жинақтары шығарылды. Сондай-ақ жоба аясында әдеби-музыкалық кештер мен шеберлік сабақтары – жас қалам иелерінің шеберлігін шыңдап, ой көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік болды. Белгілі Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Отан», «Құрмет» орденінің иегері, ақын Cветқали Нұржанның, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Бауыржан Бабажанұлының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ербол Алшынбайдың сынды қаламгерлердің тәжірибесі, ақыл-кеңесі жастарға рухани азық, бағыт-бағдар берді.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс
Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 4–17 жас аралығындағы балалар саны 243 183 баланы құрайды, оның ішінде 14 588 бала (10.01.2026 ж. жағдай бойынша) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында қамтылған. Облыс бойынша барлығы 662 шығармашылық үйірме (174 қызмет көрсетуші) бар.
Тарихи-мәдени мұраны сақтау.
- тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, есепке алу және реставрациялау бойынша атқарылған жұмыстар:
2025 жылы тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытында келесідей жұмыстар жүргізілді.
Түпқараған ауданында орналасқан А. Шамониннің үйі (Баутин теңіз сауда портының ғимараты), 1889 жыл, және З. Дубскийдін қызының үйі (Қызыл бұрыш ғимараты), 1910 жыл тарих және мәдениет ескерткішіне ғылыми-реставрация жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті маңызы бар 40 тарихи-мәдени ескерткіш тарих және мәдениет ескерткіші қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын жобасын жасау үшін белгілеу жұмыстары іске асырылды.
Қорық қызметкерлерімен Маңғыстау облысы бойынша 19 тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын облыс әкімдігінің қаулысымен бекіту жұмыстары жүргізілді.
Бейнеу ауданына Бейнеу ауылынан 40 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан «Көркембай мешіті, XIX ғасыр» ескерткішіне ғылыми жобалау құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленді.
Сәуір, мамыр айларында – Маңғыстау және Бейнеу ауданына далалық іс-сапарлар ұйымдастырыл нәтижесінде 5 тарихи-мәдени ескерткіш анықталып, алдын-ала тізіміне енгізілді.
- музей қорларын толықтыру, цифрландыру және ғылыми-зерттеу қызметі:
Облыс көлеміндегі музейлер 2025 жыл барлығы 1 059 экспонатпен толықты. Музей заттарын цифрландыру мақсатында «E-museum» электрондық каталогына барлығы 2 184 экспонат енгізілді.
Ғылыми-зерттеу бағытында 2025 жылы «Серікбол Қондыбай мұрасы және түркі әлемі» IV халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының аясында С. Қондыбайдың «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Арғықазақ мифологиясы» кітабының ағылшын тіліндегі аудармасы жарық көрді, сонымен қатар Түркия мемлекетінде «Арғықазақ мифологиясы» кітабының түрік тіліндегі аудармасының тұсаукесері өткізілді.
- өңірдің мәдени-тарихи құндылықтарын насихаттауға бағытталған жобалар:
Өңірдің мәдени-тарихи ғылыми құндылықтарын насихаттау, таныту аясында 2025 жылы халықаралық деңгейде 3 ғылыми-практикалық конференция, 1 халықаралық симпозиум өткізілді.
Аталған шараларға еліміздің әр облысынан және түркі әлемі мемлекеттерінен 300-ден астам қатысушы қатысып, түркі елдерінің ортақ тарихы мен құндылықтары жөнінде баяндамалар оқылып, ғылыми-тәжірибелік бағытта секциялық отырыстар өткізілді.
Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштерін әлеуметтік желілерінде насихаттау мақсатында 10 видеоролик дайындалды.
Сондай-ақ 2025 жылдың қазан айында республика күнінің қарсаңында Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Маңғыстау табиғаты» залы ашылcа, желтоқсан айында «Өлкетану» залы ашылды. Cонымен қатар С.Қондыбай мемориалдық музейінде ғалымның рухани мұрасын насихаттайтын «Маңғыстау-нама» залы да ашылды.
2025 жылдың 18–24 қыркүйек күндері Маңғыстау облысына ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңес (ИКОМОС) өкілі, ежелгі сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру және консервациялау мәселелері бойынша танымал сарапшы Фиген Кывылджым Чоракбаш, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Дмитрий Воякин, сондай-ақ «Қазреставрация» ШЖҚ РМК мамандары арнайы іссапармен келіп, өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді тексерді.
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Қараман ата, Шопан ата, Бекет ата, Сұлтан үпі және Шақпақ ата жерасты мешіттерін аралау барысында нысандардың Бүкіләлемдік мұра критерийлеріне сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді.
- өңірдегі заңсыз орнатылған ескерткіштерді жою бойынша атқарылған жұмыстар:
Облыс көлемінде орнатылған ескерткіштерді бұзу фактілері орын алған жоқ. Сондай-ақ заңсыз яғни монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидасының талаптары сақтамай ескерткіштерді орнату фактілері орын алған жоқ.
Ескерткіштерді заңсыз орнатудың алдын алу мақсатында жыл сайын жүйелі түрде облыстық мәдениет басқармасының мамандары аудан, қала және ауыл әкімдіктеріне барып қоғам белсенділерінің, ардагерлер кеңесі мүшелерінің, әкімдердің және т.б. өкілдердің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы 10 жылдықта Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына сәйкес Ақтау қаласында 2018 жылы Абай Құнанбаев ескерткіші, Нұрмұхан Жантөрин ескерткіші, 2019 жылы Әбіш Кекілбаев ескерткіші, 2022 жылы Шотан Назарұлына ескерткіштері орнатылды.
Тіл саясаты және ономастика жұмысы туралы.
Тіл саясаты бойынша түсіндіру жұмыстары
14 ақпан және 7-сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен, сондай-ақ осы департаменттің Өмірзақ ауылында орналасқан Жағалау қызметі әскери қызметшілерімен «Мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуы» тақырыбында 2 кездесу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, өңір тұрғындары мен мемлекеттік ұйымдар мамандарына ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Бейнеу Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында 3 көшпелі семинар өткізілді.
7-11 шілде аралығында 2025 жылдың І-жартыжылдығында тексерілген кәсіпкерлік нысандарға қайта бақылау жұмыстары жүргізіліп, заңнама талаптарына сәйкестендеру жұмыстарын жүргізбеген заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 75-бабының 3-тармағымен берілген ескертуді орындамағаны үшін айппұл салынды ("ЧАЙНА ХАРБОУР ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯ ЛТД" филиалына).
Сондай-ақ, 36 жергілікті атқарушы органдарға, 101 кәсіпкерлік нысан иелеріне көрнекі ақпаратты - хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат; іс жүргізу, т.б. құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысы ұйымдастырылып, маңдайша жазулары, жарнама, ас мәзірі, түбіртек, ақпараттық жазулар, т.б. көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнамаға сәйкес жазылуы түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Тіл саясатын дамыту бойынша іс-шаралар
Мамыр айының 26-30 күндері өңірде «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу ұйымдастырылып, 497 адам - халыққа қызмет көрсету (Қазпошта, банктер), сондай-ақ әскери салаларының өкілдері және мемлекеттік қызмет, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша: 160 адам - С1 деңгейі (жоғары деңгей), 258 адам - В2 (ортадан жоғары деңгей), 38 адам - В1 (орта деңгей), 15 адам - А2 (базалық деңгей), 16 адам - А1 (қарапайым деңгей) деңгейде нәтиже көрсетті, 10 адам шекті балл жинамаған.
5-12 қыркүйек аралығында «Өркендеудің тілі – мемлекеттік тіл!» атты облыстық фестиваль ұйымдастырылды.
Облыстық фестиваль шеңберінде:Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған көрме (30.08.2025ж.); мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері арасында облыстық «Абай оқулары» байқауы (09.09.2025ж.); республикалық «Мемлекеттік тіл- Тәуелсіздік символы» (11.09.2025ж.) байқауының облыстық іріктеу кезеңі және филолог педагогтарға арналған- «Түркі жазба ескерткіштері: өркениет пен мәдениет айнасы» (12.09.2025ж.) атты облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Ақпараттандыру – түсіндіру жұмыстары аясында 24.09.2025ж. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді. Семинарға мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің тіл саясатына жауапты мамандары, кәсіпорындар, банктер, баспахана, тамақтану және қоғам белсенділері қатысты.
Медиа жоспар орындау мақсатында телесұхбаттар ұйымдастырылды, облыстағы БАҚ және әлеуметтік желілерге тіл фестивалі бойынша ақпараттар жарық көрді.
Жыл ішінде облыстық ономастикалық комиссиясының 2 отырысы өткізілді. І - отырыста – 6 мәселе, ІІ - отырыста – 4 мәселе қаралып, Комиссия тарапынан 10 оң қорытынды берілді.
21.10.2025ж. - Өзбек тілі күні аталды. Қ. Сыдиықов ат. облыстық кітапханасында Өзбекстан елінің консульствосымен бірге Өзбек тілі күніне шара өткізілді. Шараға Иран, Түркия, Түркменістан елдерінің косульстволары, басқарма қызметкерлері және Ш. Есенов ат. университет студенттері қатысты.
31.10.2025ж. облыс бойынша – әр қала/ауданда, әр еңбек ұжымында ұлттық диктант жазылды.
«Ұлттық диктант» жобасының негізгі мақсаты- мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. «Ұлттық диктант» жобасына облыс бойынша 3000-нан астам адам қатысып, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті.
10.11.2025ж. «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы мемлекеттік тілде жазу мәдениетін қалыптастыру, оны насихаттау және жазылым арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық диктант» жобасына 300ден астам қызметкер өз үлестерін қосты.
12.11.2025ж. Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінде «Мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі қолданысын жетілдіру» тақырыбында ақпараттық түсіндіру семинары өтті.
Іс шараны Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандары жүргізді.
Іс шара барысында мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыттары мен заңнамалық талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік органдарда іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің маңызы айтылды.
19.12.2025ж. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының жанындағы Алқа отырысы өткізілді. Іс шараға қала, аудан әкімдіктерінінің орынбасаралары, алқа мүшелері, қалалық , аудандық мәдениет бөлімдерінің басшылары, мекеме кәсіпорын басшылары және мәдениет саласының мамандары қатысты. ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029жж. арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы және облыста «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талаптарының орындалуы туралы қарастырылды.
19.12.2025ж. Маңғыстау облысында мемлекеттік мекемелерге жүргізілетін тексеру жұмыстарының тәртібі мен талаптарына арналған қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
Тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында Семинарға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасының мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің тіл саясатына жауапты мамандары қатысты. Іс-шара барысында көрнекі ақпарат, құжат айналымы және интернет-ресурстардағы мәтіндердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі мәселелері қаралды.
Тексеру жұмыстары
Ресми интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг негізінде өңірдегі 51 мемлекеттік орган (әкімдік – 7, басқарма – 23, департамент – 21) тексеріліп, оның ішіндегі 23 мемлекеттік органда тіл туралы заңнама талаптарының сақталмағандығы анықталды. Аталған мекемелерге заңбұзушылықтарды жойып, интернет-ресурстардағы ақпараттарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде ұсыным хаттар жолданды.
Облыстағы кәсіпкерлік нысан иелеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында рейдтік жұмыстары іске асырылып, нәтижесінде басшыларына - заңнамаға қайшы ресімделген 211 көрнекі ақпаратты заңнама талаптарына сәйкестендіру, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс хат берілді.
2024жылғы мониторинг қорытындысы бойынша құжатайналымындағы мемлекеттік тіл үлесі төмен мемлекеттік мекемелер анықталды. Оларды 2025 жылы тексеру жоспарланып – «ЕРСОП» порталы арқылы барлығы 32 мемлекеттік мекеме тексерілді ( І жж. – 26; ІІ жж.- 6 мемлекеттік мекеме).
«ЕРАП» ақпараттық жүйесі арқылы Ақтау қаласындағы кәсіпкерлік саласы бойынша көрнекі ақпараттары тексеріліп, ақпараттары заңға қайшы ресімделген 18 кәсіпкерге (Ақтау қаласындағы «Bohemia luxe», «Ризық» дүкендерінің және 30-шағынаудандағы «Бекфарм» дәріханасы, "Caspian riviera" ЖШС -қонақ үй; ЖК Бисенбаев - "Masari" кафесі; ЖК Жантлесова – дәріхана, «SofieMed Group»-емхана, «Doorhan»-ворота дүкені, «Marmaris»-кафе, «HazarFish»- балық фастфуд, Автодом, «Car City Barys»-тың ішінде 4 кәсіп орындар) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді, нәтижесінде кәсіпкерлердің бірқатары заң талаптарын түсініп, көрнекі ақпараттарын 1 айға жетпей түзетті.
Ресми интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг негізінде өңірдегі 32 мемлекеттік орган тексеріліп, оның ішіндегі 4 мемлекеттік органда тіл туралы заңнама талаптарының сақталмағандығы анықталды. Аталған мекемелерге заңбұзушылықтарды жойып, интернет-ресурстардағы ақпараттарды заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде ұсыным хаттар жолданды.
24.11.2025-01.12.2025жж. маркетплейстердің қазақ тіліндегі сайттары мен мобилді қосымшаларына тексеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде кәсіпорындардың маркетплейстерінде тіл туралы заңнама талаптарының сақталмағандығы анықталды. Аталған кәсіпорындарға заңнама талаптарына сәйкестендіру жөнінде әдістемелік көмек көрсетіліп, ұсыным хаттар жолданды.
02.12.2025ж. емханаларда («SofieMed», «Western clinic», № 1 емхана, «Ча-Кур») орналастырылған көрнекі ақпараттың қолжетімділігі мен талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында негізгі назар көрнекі ақпараттың, маңдайшалардың, кабинеттердің атауларынынң, ақпараттық стендтердің мемлекеттік тілде дұрыс әрі сауатты жазылуы тексерілді. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердіің сәйкестігі, аударманың сапасы бағаланды. Нәтижесінде 1 емханаға (Ча-кур) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.
04.12.2025ж. Спорт мектебіндегі (Маңғыстау Арена, Халық Арена, BS арена, Батыр) көрнекі ақпараттарды тексеру жұмыстары жүргізілді.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде рейдтік іс-шара аясында мекеме ішіндегі көрнекі ақпараттар тексерілді. Атап айтқанда, ішкі тәртіп ережелері, өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық стендтер, жаттықтырушылар мен спортшылар тізімі, оқу- жаттығу кестесі және өзге де маңызды мәліметтердің көрнекі жерлерге дұрыс орналастырылуы назарға алынды.
Тексеру нәтижесінде бірқатар спорт мектептерінде көрнекі ақпараттың толық сәйкес келетіні анықталды.
Тіл үйренушілерге тілдің орта қалыптастыру мақсатында тіл оқыту курстарын ұйымдастыру жұмыстары
11.09.2025ж. Ақтау қаласында ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметкерлерге арналған мемлекеттік тіл курсы ашылды. 190 облыс тұрғынына тегін қазақ тілін оқыту курстары жүргізілуде. Курс дәрістері жекеменшік «Парасат» оқу орталығы тарапынан «Болашақ» колледжі базасында ұйымдастырылуда. Курска қатысушылар әр деңгей бойынша бекітілген лексикалық-грамматикалық минимум бойынша сауатты сөйлеуді және жазуды, сондай-ақ іс жүргізу ісін үйренуде.
10.12.2025ж. Азаматтық және мемлекеттік қызметкерлерге арналған мемлекеттік тіл курстарының жабылу салтанаты өтті.
Мемлекеттік тілді оқыту курсы 15.09.2025ж.-10.12.2025ж. аралығында «Болашақ» колледжінде өткізілді. Курстың мақсаты- мемлекеттік тілде өз ойын жеткізе алатындай, түсінетіндей деңгейге жету. Оқытудың міндеттері- ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік тілді офлайн форматта оқытылды.
Курста 190 студент білім алып, мемлекеттік тілді меңгерді, басым көпшілігі өзге ұлт өкілдері:
Қазақ-25, Орыс-112, Татар-9, Украин-10, Шешен-5, Азербайжан-6, Неміс-5, Башқұрт-3, Лезгин-5, Ауған-2, Кәріс-4, Қалмақ-1, Еврей-1, Беларус-2.
Курс тыңдаушыларының 22 мемлекеттік қызметкерлер, 36 бюджеттік ұйым қызметкерлері, 28 жеке ұйым қызметкерлері, 36 жеке кәсіпкерлер, 25 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 14 жұмыссыздар, 22 зейнеткерлер, 7 студенттер. Тестілеу нәтижелері бойынша қатысушылар тілдік деңгейлерге бөлінді. А1 деңгейі- 142 адам, А2 деңгейі- 34 адам, В1 деңгейі- 5 адам, В2 деңгейі- 9 адам.
Салтанатты рәсім барысында курсты аяқтаған азаматтарға арнайы сертификаттар табыстылды. Шарада ұйымдастырушылар қазақ тілін үйренуге деген жоғары қызуғышылық пен жауапкершілікті атап өтіп, курс жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Ономастикалық комиссияның атқарған жұмысы туралы
І ЖОЛ КАРТАСЫ
2024-2025 жылдарға арналған республикалық Жол картасымен облыста 31 құрамдас бөлікке атау беру/қайта атау жұмыстары жоспарланған:
Ақтау қ. – 1ш/а. (Самал-2 ш/а.)
Жаңаөзен қ. – 20 көше
Бейнеу ауд. -4 көше
Маңғыстау ауд.-5 көше
Мұнайлы ауд. -1 көше.
Жұмыстар кезең-кезеңімен, заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда оның 23-і бойынша ономастикалық жұмыстар жүргізілді (74,2%).
8 құрамдас бөлік бойынша жұмыстар тоқтатылды. Атап айтқанда, Ақтау қаласының Самал-2 шағынауданын қайта атау; Жаңаөзен қаласы Рахат ауылының 7 көшесіне атау беру жұмыстары қалалық/аудандық мәслихаттар тарапынан қолдау таппады. Ал Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылының 1 көшесіне атау беру жұмыстары аудан әкімдігі тарапынан іске асырылмаған.
Жалпы Жол картасын іске асыру барысында арнайы алгоритм әзірленіп, ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілді: 2 облыстық және қала/аудандарда 3 көшпелі семинар ұйымдастырылды.
ІІ ҰОС ардагерлері
Республикалық ҰОС ардагерлерін ұлықтау жоспарымен облыс бойынша 43 ұсыныс (43 көше) бекітілген (69 ұсынылған):
Жаңаөзен қ. – 1 көше
Бейнеу ауд. -7 көше
Қарақия – 1 көше
Маңғыстау ауд.-10 көше
Мұнайлы ауд. - 2 көше
Түпқараған ауд. – 22 көше.
Бүгінгі таңда 43 ұсыныстың 30-ы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, көшелерге ардагерлер есімдері берілді (70%); 9 ұсыныс желтоқсан айында іске асырылды (аудандық мәслихаттарға ұсынылған); 4 ұсыныс тұрғындар тарапынан қолдау таппады (1 ардагер – Б. Момышұлы Форт-Шевченко қ.; 3 ардагердің ұрпақтары бас тартқан – Маңғыстау ауд. Бекқожа Еділханов, Төлеубай Сағындықов; Түпқараған ауданы – Шам Сисембаев).
2025 жылы жалпы 64 көшеге оң қорытынды берілді. 64 атау берілген көшелердің арасында атаусыз көшелер саны – 60, атауы қайталанатын көшелер – 4. Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің 39 есімі, қызметтік борышын атқару кезінде қызмет тапқан 2 қызметкердің есімі көше атауына берілді.
Ақпараттық сайттар
«Мақамы мәшһүр Маңғыстау» сайты
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тапсырысы бойынша әзірленген «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» maqamsaz.kz сайты жұмыс жасайды. Жеке өңірдің музыкалық мектебіне арналған алғашқы сайт. Сайт репертуарына 180 шығарма енген. Репертуардағы шығармалардың саны 200-ге дейін жеткізіліп, жыл сайын толықтырылып отырады. Бұл сайттың бір ерекшелігі - шығармалардың авторы, орындаушылары туралы толық мәлімет беріледі. Сондай-ақ әр туындының жарыққа шыққан тарихы мен нотасы орналастырылған. Қызығушылар Маңғыстау әуендерін тыңдап та, нота арқылы да үйрене алады. Бұған қосымша ios (айос), андроидқа арналған мобильді қосымшалары бар.
Мақамы мәшһүр Маңғыстау әуендерін сайттан не мобильді қосымшадан тыңдап, нота арқылы үйренуге болады. Сондай-ақ, туындыларды ән, күй, жыр-терме және жыр күйі деп аталатын төрт бөлімнен көруге болады.
Маңғыстаудың интерактивті картасы
Облыстың ескерткіштерін насихаттау мақсатында 2018 жылы mangystau.inmap.kz электронды сайты іске қосылып қазіргі күнге дейін 67 ескерткіш туралы ақпарат сайтқа енгізілді. Сайтты 2025 жылда 558 927 адам қараған. Бұл сайтта ескерткіштер туралы үш тілде толық ақпарат, фото, видео материалдар, 3D панарамма, картадағы орналасқан жері, Ақтау қаласынын ескерткіш басына дейінгі маршрут бойынша ақпараттар орналастырылған.
Ескерткіштердің басында интернет желісінің болмауына байланысты, оффлайн форматта жұмыс жасау үшін мобильді телефондарға арналған QR-Mangystau қосымшасы жасақталынды. Бұл қосымшада ескерткіш бойынша сайтқа орналастырылған ақпаратты оффлайн форматта үш тілде алуға болады. 2022-2025 жылдары 92 894 адам жүктеп алған.
«АС-Музей»
«АС-Музей» бағдарламасы бұл автоматтандырылған кешенді ақпараттық жүйе. Бұл жүйемен «Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК жұмыс жасайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша салынған барлық жәдігерлер саны – 720.
Аудиогид
Сондай-ақ 2024 жылы Әбіш Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің залдарына аудиогид жүйесі сатып алынды, 2025 жылдан бастап музей залдарын үш тілде аудиогидпен таныстырылады. Қазіргі таңда залдардың экскурсия текстері орыс және ағылшын тілдерінде аударылды.