Облыс бойынша 62 әкімшілік-аумақтық бірлік атауының 60-ы (97%) тарихи жер-су атаулары, 1-і (1,5%) тарихи тұлға есімі (Сайын Шапағатов ауылы), 1-і идеологиялық тұрғыдан ескірген атау (1,5%) (Түпқараған ауданының Баутино ауылы).
1028 көшенің - 306-ы (30%) белгілі тұлғалардың есімдерімен, 678-і (66%) дәстүрлі атаулармен, 44-і (5%) тарихи жер-су атауларымен аталған.
Облыстық ономастикалық комиссияның құрамында 15 адам бар: зиялы қауым өкілдері – тарихшылар, ономаст-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, облыстық мәслихаттың депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері.
Облыстық ономастика комиссиясының құрамындағы филология ғылымдарының кандидаттары, тарихшылар, өлкетанушылар, ономастика мамандарынан Топонимикалық жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ облыстың қала/аудан әкімдіктері жанынан құрылған Ономастикалық жұмыс топтары жұмыс істейді.
Жұмыс барысында - заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын Әдістемелік ұсынымдар, ел тұрғындарына тарихи ортақ сананы қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» мен «Дәстүрлі атаулар» тізімдері басшылыққа алынуда.
2024 жылы атау беру және қайта атау жұмыстары жүргізілмеген.
2025 жылы облыстық ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізілді. Нәтижесінде облыстағы 64 көшеге атау берілді/қайта аталды. Оның ішінде 39 - Ұлы отан соғысы ардагерлерінің есімдерімен, 2- қызмет бабында қаза тапқандар, 23 - Жол картасы бойынша дәстүрлі атаулармен.
Облыстағы Дерекқор базасын жаңарту бойынша жұмыс тұрақты түрде жалғасуда (атаулар бойынша).
Сонымен қатар, «Мекенжай тіркелімі» АЖ ономастикалық бірліктердің электрондық базасын өзектендіру мақсатында жаңадан берілген атаулар уақтылы енгізілуде.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жыл сайын облыстың барлық қала/аудандарында мемлекеттік органдар мамандары мен қала/аудан халқының қатысуымен ономастика мәселелері бойынша көшпелі ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізіледі.
2025 жылы Ақтау қалаласында, Маңғыстау, Бейнеу, Мұнайлы аудандарында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, ономастика саласындағы жұмыстар туралы ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік парақшаларда тұрақты түрде жарияланып тұрады. Соңғы жылдары 14 «тікелей хабар» ұйымдастырылып, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне кеңестер беріліп, тиісті ақпараттар бе