2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2019 жылдың шілде айында облыс әкімдігінің №162 қаулысымен «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.   

Облыс бойынша мәдениет ұйымдары мен архив мекемелерін дамыту үшін 2019 жылға жергілікті  бюджеттен 889767,3 мың теңге бөлініп, 874698,1 мың теңге игерілді, яғни 98,3% орындалды (игерлімегені 15069,2).

Сонымен қатар республикалық бюджеттен еңбек ақыға қосымша 356 млн. 626 мың теңге бөлінді. Ауыл  ел бесігі жобасына республикалық бюджеттен 22 млн. теңге қаражат (Маңғыстау аудандық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеуге) бөлінді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша (айтыс жанрдағы таланттарды анықтау және Қазақстан халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту) 9,1 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

Мәдениет және спорт министрлігі мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, оны жүзеге асырудың 2020 жылға арналған салалық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жыл сайынғы жүргізілген зерттеу нәтижелері тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруінде оң динамиканы көрсетті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 98,3% құрады (Облыс халқы - 678 199 адам).

Анықтама: Бұл көрсеткіш 2015 жылы – 92,02%, 2016 жылы – 93,4%, 2017 жылы - 94,1%, 2018 жылы – 97,7%-ды құраған болатын.

2019 жылға дейін мемлекеттік тілді үйрену үшін барлық тұлғаларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлеріне облыста жыл сайын тілдерді тегін оқыту курстары жүргізілді. 2019 жылы көпшілікке мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін үйретуге бағытталған «Үш тілді онлайн оқыту» мобильдік қосымша (бұдан әрі - Қосымша) жасақталып, іске қосылды. Бұл Қосымша арқылы тілдерді онлайн режимде смартфон немесе планшет арқылы үйренуге мүмкіндік береді. Қосымша Android және iOS нұсқаларында жұмыс жасайды. Жыл қорытындысы бойынша аталған қосымшаны 3300 адам пайдаланып, тіл білу деңгейін анықтаушы тестілеуден өтті.

Анықтама: 2015 жылы – 180 адам, 2016 жылы – 250 адам, 2017 жылы -  300 адам, 2018 жылы – 355 адам мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарымен қамтылды (Өсу динамикасы: 2016 жылы – 72%, 2017 жылы – 83%, 2018 жылы - 85%).

Үкіметтік емес ұйым тарапынан жүргізілген зерттеу нәтижелері облыс тұрғындарының тілдерді меңгеруі бойынша оң динамиканы көрсетті:

  • орыс тілін меңгерген облыс тұрғындарының үлесі 65%-ды құрады;

Анықтама: 2015 жылы – 45,67%; 2016 жылы – 47,4%; 2017 жылы - 54,9%,2018 жылы - 61,5%.

  • ағылшын тілін меңгерген облыс тұрғындарының үлесі 15,8%-ды құрады;

Анықтама: 2015 жылы 5,69%; 2016 жылы – 8,2%; 2017 жылы - 10,2%, 2018 жылы – 15,6%.

  • үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген облыс тұрғындарының үлесі 13,6%-ды құрады.

Анықтама: 2015 жылы – 5,69%; 2016 жылы – 7%; 2017 жылы – 9,8%, 2018 жылы 13,2%.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.10.2019ж. №740 Қаулысымен: 

 1) Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Әбіш Кекілбайұлының;

2) «Ақтау қаласының әкімдігі, Ақтау қалалық білім бөлімінің «№ 29 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Фариза Оңғарсынованың есімдері берілді.

 

Клуб ісі бойынша

 

                Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің 45 жылдығы, «Радуга» балалар шығармашылығы студиясының 25 жылдығы атап өтілді.  

Қырғызстан Республикасының Ош, Қара Құлжа, Джелал-Абад қалаларында  өткен "2019 ОШ - Түркі әлемінің мәдени астанасы" фестивалінен "Жорға" би ансамблі Бас жүлдені жеңіп алды.

Сочи қаласында өткен XXXIII халықаралық «Хрустальная магнолия» жастар фестивалінің «Эстрадный вокал» номинациясы бойынша Әдемі Өтешева қатысып Гран-при иеленсе, 10-13 жас аралығы бойынша Асия Мусагалиева,  Асгат Бекарыс - І орын, Рашида Мухамедқызы, Ханзада Канатқызы - ІІ орын, 14-16 жас аралығынан Сансызбай Балауса, Рашида Мухамедқызы «инструментальный жанр»  номинациясы  бойынша - ІІ орын алды.

«Колибри» арт-студиясының тәрбиеленушілері Түркияда өткен «Future Fashion Faces World Kids» халықаралық байқауында еліміздің намысын қорғап, жүлделі оралды: ДОРОНИНА КРИСТИНА 16 жас, Титулдары: «Міѕѕ Talent»және «Міѕѕ Eurasia»  НҰРЖАУБЕКОВА АЙРИТА  14 жас. Титулдары: «Winner» және «Carwalk» (ең үздік подиумда жүру),  АЛМАТАЙ АЯНАТ 11 жаста, Атауы: «I Runner up» және «Photo model».

Ташкент қаласында өткен «Роза Востока» балалар және жастар шығармашылығының екінші халықаралық фестиваль – байқауында «Радуга» балалар шығармашылық студиясының әншілері халықаралық фестивальдің Гран-при жүлдесін ұтып алды. Байқауға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Америкадан 49 би ұжымы мен 100-ге жуық вокалистер қатысты. Барлық вокалистер арасындағы байқаудың  Гран-приін  Ақтаулық «Ауэн» дуэті,  Карина Шайгузова мен Екатерина Ганюшкина жеңіп алды. Сонымен қатар вокалистер өздерінің  жас  топтарында  да  жүлделі  орындарға  ие болды. Шайгузова Карина 14-18 жас ересектер тобында І орын,  Ганюшкина Екатерина  жоғары топта І орын,  ал, Тилепова  Дильназ  9-13 жас  аралығындағы  орта топта І орын иегері атанды.

«Витебск-2019» атты халықаралық балалардың музыкалық байқауында Қазақстанның Республикасының атынан үлгілі «Радуга» балалар шығармашылық студиясының шәкірті -Дильназ Тилепова қатысып дипломант атанып, Мальта мемлектінде өтетін «Golden voice» халықаралық байқауға арнайы шақыртуға ие болды.

ҚР Президентінің  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық  мақалаларында  көрсетілген  тапсырмаларды  жүзеге асыру мақсатында  Мемлекет басшысының Жолдауында жарияланған «Жастар жылы», Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдығы, күйші – сазгер Мұрат  Өскенбайұлының 115 жылдығы, халық жазушылары  Әбіш Кекілбайұлы мен Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойлары аясында 24 сәуір - 3 мамыр аралығында облыс көлемінде «Жетістікке жетелейтін жеті қыр» тақырыбында дәстүрлі облыстық  XI  «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі өткізілді.

Елімізге танымал, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Ә.Кекілбайұлының  80 жылдығына арналған «Алтын шуақ»  облыстық  драма ұжымдары байқауы өтті.

Қазақ халқының теңдессіз эпопиялық шығармасы «Қырымның қырық батыры» жыры мен оны осы заманға бірден-бір толық жеткізуші, даңғайыр жырау Мұрат Сеңгірбекұлының есімін республика көлеміндегі орындаушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Мұрын жыраудың 160 жылдығына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз-жыр» республикалық жыршылар конкурсы өткізілді. Конкурсқа республика көлемінен 11 жыршы қатысты. 

Қазақ елінің тарихындағы бойларына өзіндік үн-әуен, ырғақ-иірім, орындаушылық сыр-сипат, рухани ағартушылық-қайраткерлік т.б. алуан өнерді сыйдыра білген қайталанбас дара құбылыс  иелері – Адайдың жеті қайқысының тарихи, тұлғалық рөлін республика көлемінде айқындап, рухани мұраларын жас орындаушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында республикалық «Қайқылардан қалған саз» атты дәстүрлі ән орындаушылар конкурсы өткізілді. Конкурсқа республика көлемінен 25 қатысушы қатысты. 

Амал мерекесі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  екінші  жыл республикалық  деңгейде тойланды. Амал мерекісінің алғашқы күнінде Ұлы даланың көші атты театрландырылған мерекелік іс – шара ұйымдастырылды, оған ұлттық киім киген 300-ге жуық шабандоз қатысты. Облыс әкімі барлық жұртшылықты, облыс қонақтарын амал мерекесінің  басталуымен құттықтады. Содан  кейін  ақсақалдар  аттанғалы  тұрған  көшке  батасын  берді. Көш  Ақшұқыр  ауылына  аттанды. Ақшұқыр  ауылында 20-ға жуық  киіз үйлер тігіліп, мерекелік  іс – шара  ұйымдастырылып,  ауыл  ақсақалдары,  жұртшылығы,  қонақтары  көшті  қарсы  алды.  Келген көшке ауыл ақсақалдары батасын  беріп, құрмет  көрсетіп Отпан тауға шығарып салды. Ақшұқыр ауылынан аттанған көш Отпан тауға кешке жетіп,  барлық Отпан таудағы  ақсақалдар, ел аналары  алдарынан ақ беріп көшті қарсы алды. Мерекелік  шаралар  ұйымдастырылып, облыс  әкімінің қатысуымен  бірлік оты  жағылды.

Шараға алыс – жақын өңірлерден қонақтар шақырылды: атап айтар болсақ – Ақмешіт кесенесінің, Сарайшық   кесенесінің,  Өзбекстан,  Ичанкала  мемориалдық  кешенінің  (Бекет ата  кесенесінің)  өкілі - Худайбергенов Камилжан; Өзбекстан,  Хорезм  облысы, Қазақ  Ұлттық  мәдениет орталағының өкілдері, Ноғай  елінің жыршылары – Сатыров  Ислам;  Султанбеков  Арсланбек; ҚР  Еңбек сіңірген қайраткері, әнші – Жанпейсова  Сәуле, сонымен  қатар  Қызылорда, Қостанай, Петрапавл қалаларынан  қонақтар келді.

 

Тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша

 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» ғылыми кешенді экспедициясының қорытындысы бойынша анықталған тың деректерді ғылыми айналымға енгізу, қазақ тарихының маңызды артефакттары ретінде өлкенің тарихи жәдігерлерін терең зерттеу, архивтік-библиографиялық ізденістерді жүйелеу, Маңғыстаудың мыңжылдық тарихын зерделеу, өлке тарихын зерттеуде жаңа көзқарас қалыптастыру бағыттарына арналған 2019 жылдың 11-13 наурызы аралығында «Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын зерттеудегі жаңа көзқарастар мен перспективалар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Конференцияға Ұлыбритания (Оксфорд университеті), Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттерінен ғалымдар мен мамандар шақырылып, барлығы 100-ге жуық қатысушы жиналды. Конференция қатысушыларына Шақпақ-ата жерасты мешіті және қорымы ескерткішіне «Жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар қасиетті орындарды зерттеу және танымал ету келешегі»жүрмелі семинары, Амал мерекесіне арналған «Ұлы Дала көші» театрландырылған шарасы мен Отпан тарихи-мәдени кешеніне іссапар ұйымдастырылды. «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» Халықаралық ғылыми кешенді экспедициясының қорытындысы туралы деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды. 

Арғықазақ мифологиясының негізін салушы, ізбасарларына мол ғылыми мұра еңбектер қалдырған, біртуар ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын халықаралық деңгейде таныстыру және оларды әлемдік ғылыми айналымға енгізу мүмкіндіктерін айқындау мақсатында Нұр-Сұлтан қалаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді. 

Биыл облыстағы «Жолжан» және «Айымбет» (Қайдауыл) қорымдарына қалпына келтіру жұмыстары және Маңғыстау ауданыдағы Ақмыш сайының аймағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қазан айында Ә.Кекілбайұлының  80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті. Шара барысында Ә.Кекілбайұлы 80 жылдығына арналған әдебиет және өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі өткізілді,   Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану  музейінің және Әбіш Кекілбайұлы ескерткішінің  салтанатты ашылуы өтті. 

 

Театралды-концерттік ұйымдар бойынша

 

             Облыстық қуыршақ театры Молдова Республикасының Кишинев қаласында өткен Х халықаралық «Под шапкой Гугуцэ» атты қуыршақ театрлары фестиваліне «Айжан әженің ертегісі» спектаклімен қатысып, «Актер мен қуыршақ арасындағы өзара әрекеттесуді үздік түсіндіруші» және «Үздік менеджер» номинацияларын иеленді.

Сонымен қатар Ресейдің Чебоксары қаласында өткен І халықаралық «Карусель сказок» қуыршақ театрлары фестиваліне қатысты.

Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының Шымкент, Алматы қаласына гастрольдік сапары ұйымдастырылды.

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай бірінші халықаралық «ABISH  ALEMI»  театр фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге Армения, Грузия, Иран, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Түркия және Қазақстандық театр ұжымдары қатысты. Фестиваль аясында Ә.Кекілбайұлы шығармаларынан  «Күй» және «Бір шөкім бұлт» спектакльдері сахналанды.

Маңғыстаудың тұңғыш кәсіби дирижеры Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» III-республикалық дирижерлар байқауы өткізілді.

Дәстүрлі өнерді насихаттау, домбыра үніне жастарды баулу, ата-бабалар дәстүрін жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, дәулескер күйші СЕРЖАН ШАКРАТТЫҢ 80 жасқа толуына арналған «Саңлақ күйші -Сержан» атты күй кеші өтті. Кешке республика көлемінен арнайы шақырылған домбырашы-күйшілер, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысып, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Сахарбаева Карима Сүндетқызы дайындаған «Саңлақ күйші-Сержан» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Күйші, домбырашы, жыршы, ақын Мұрат Өскінбаевтың 115 жылдығына арналып «Күйге кенен жыр-сандық» атты кеш өтті. Кеш барысында музыка зерттеуші Айтберген Жаңбыршының «Күй қонып, кие дарыған әулет» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Өзбекстан Республикасының Хорезм облысында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Маңғыстау облысының мәдени күндері өтті. Мәдени шаралар аясында Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әртістері Үргеніш қаласындағы колледж және мектеп оқушыларына вокал, домбыра-тенор, хореография өнерінен мастер класстар өткізді. Ә. Кекілбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қазақстанның таңғажайып табиғаты және көрнекті жерлері бейнеленген «Ұлы дала мұралары» фотокөрмесі мен тарихи-мәдени қорықтың «Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай» атты көрмелері көрермен назарына ұсынылды.  Көрме соңы «Біз шырқаймыз достық әнін!» атты «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің концертімен аяқталды.

Камералық ансамбльдің 40 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының Еуропаға гастрольдік сапары ұйымдастырылып, өткізілді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында дәулескер күйші С.Шакрат «Парасат» орденімен, әнші Т.Асар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, сәулетші К.Байғазиев «Құрмет» орденімен марапатталды.

«Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік режиссер» номинациясын театрдың бас режиссері Г.Мерғалиева, «Үміт» сыйлығын  актер А.Иманқұлов иеленді.    

 

 

 

2020 жылға міндеттер:

  • Республикалық Амал мерекесі;
  • Республикалық ақындар айтысы;
  • Наурыз мерекесі;
  • Облыстық Абай әндерін орындаушылар байқауы;
  • Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы;
  • Бекет-ата Мырзағұлұлының 270 жылдық мерейтойы аясында «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» атты этнографиялық фестивалі;
  • Оғыланды жеріндегі Бекет-ата жерасты мешітіне, «Бөрілген қорымы» ескерткішіне, «Қарауылкүмбет» күмбезтамына ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу;
  • Күйші Р.Айдарбаеваның шығармашылығына арналған республикалық күйшілер байқауы;
  • Облыстық «Үздік ауылдық клуб» байқауы т.б.

 

 

 

Дата публикации
02 марта 2020