Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен оған қарасты мекеме, кәсіпорындардағы 2020 жылдың 9 айындағы қаражаттың игерілуі туралы ақпарат

Облыстық мәдениет ұйымдары мен архив мекемелерін дамыту үшін 2020 жылға 2026,9 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 9 айға 1570,4 млн. теңге жоспарланып, орындалысы 1566,4 млн. теңгені құрады.

         001 – бюджеттік бағдарламасы бойынша 69,4 млн. теңге бөлінді, оның оның ішінде 52,7 млн теңге мемлекеттік қызметшілердің жалақы қоры, 9,6 млн теңге техникалық қызметкерлердің жалақы қоры (барлығы 33 штаттық бірлік), 1,2 мың теңге коммуналдық қызметтер, 0,2 млн теңге байланыс қызметтері, 0,3 млн теңге іс сапар шығындары, 0,9 млн теңге жанар-жағармай сатып алуға, 0,6 млн теңге тіл саясатын дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Маңғыстау облысы аумағындағы тілахуалына әлеуметтік зерттеу жүргізу" қызметі және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Деректемелер мен көрнекі ақпараттарда Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнама нормаларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу" қызметі), 3,9 млн теңге өзге де қызметтер мен жұмыстарды, қорларды сатып алуға жұмсалды.

         002 – бюджеттік бағдарламасы бойынша 1,2 млн. теңге қаралды. Бұл қаржыға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергендер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауының облыстық кезеңі және Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

         005 – бюджеттік бағдарламасы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы айтыс жанрындағы таланттарды анықтау, Қазақстан халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту жұмыстарына 6,2 млн теңге және Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының қызметін жүргізуге 100,3 млн теңге, барлығы 106,5 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 52,8 млн. теңге қызметкерлердің жалақысына (54 штаттық бірлік), 33,2 млн. теңге мәдени шараларды өткізуге, 2,3 млн теңге байланыс және коммуналдық қызметтерге жұмсалды.

Көрсетілген қызметтер есебінен 4,7 млн. теңге кіріс (доход) түсті.

Сәуір айында «Біз біргеміз» тақырыбында суретшілердің онлайн-байқауы ұйымдастырылып, оған облыс көлемінен 73 отбасының әуесқой суретшілері қатысты. Нәтижесінде көркемдік деңгейі жоғары туындылар қатарынан Бас жүлдені Мендалиевтер отбасы (Ақтау қаласы) иеленді.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Ұйқтап жатқан жүректі ән оятар» атты облыстық әншілер онлайн конкурсы өткізілді. Конкурсқа барлығы 16 үміткер қатысып, нәтижесінде орындаушылар арасынан «сопрано», «баритон», «тенор» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Ақын, сазгер Ақтан Керейұлының 170 жылдығы, ақын, сазгер Өскенбай Қалманбетұлының 160 жылдық мерейтойларына орай «Алашқа мағлұм мен жүйрік» аймақтық жыршы-термешілер онлайн-конкурсы өткізілді. Конкурсқа Қызылорда мен Маңғыстау облысынан 7 үміткер қатысып, нәтижесінде Бас жүлдеге маңғыстаулық жыршы Әзімхан Адай ие болды.

Күйші-сазгерлер Абыл Тарақұлының туғанына 200 жыл, Есір Айшуақұлының туғанына 180 жыл, Өскенбай Қалмамбетұлының туғанына 165 жыл толуына орай аймақтық «Сермей тартқан семсер күй» онлайн-конкурсы өткізілді. Конкурсқа Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан барлығы 11 күйші қатысып, нәтижесінде Бас жүлдені маңғыстаулық күйші Еркебұлан Соңғыбаев иеленді.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Мәдениет – ұлт бейнесі» атты салтанатты шарасы өткізілді.

Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай «Оғыланды бояулары» атты суретшілердің аймақтық онлайн-конкурсы ұйымдастырылып, өткізілді. Конкурсқа Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан барлығы 11 үміткер қатысып, нәтижесінде Бас  жүлдені ақтаулық суретші Жанат Джолдасбаева иеленді.   

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында айтыс жанрындағы таланттарды анықтау, Қазақстан халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттардағы жұмыстар 2019-2021 жылдар аралығына жоспарланған.

Айтыс жанрындағы таланттарды анықтаумен 26.09.2019 жылғы № 2 келісім-шарт негізінде «Жыр жебе» ақындар мектебі айналысуда. Аталған жанрдағы бұрын белгісіз ақындар арасынан мектепке 13 жас талант іріктеліп алынып, оларды оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Қолөнерді жаңғырту бағытында бұрын белгісіз 10 талантты анықтау және оқыту жұмыстарын «Алтын оймақ» қолөнерді қолдау қоры жүргізуде.    

007 – бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық тарихи-өлкетану музейінің, мемориалдық музейдің, Отпан тарихи-мәдени кешені мен тарихи-мәдени қорықтың қызметін ұйымдастыру үшін 407,9 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 227,1 млн. теңге қызметкерлердің жалақысына (барлығы 275,5 штаттық бірлік), 12,7 млн теңге байланыс және коммуналдық қызметтерге, 1,5 млн теңге іс сапар шығындарына жұмсалды.

Көрсетілген қызметтер есебінен 1,0 млн. теңге кіріс (доход) түсті.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты 97,6 млн. теңге қаражатқа 5 залды, яғни табиғат, қала тарихы, ассамблея, мұнай өндіріcі және көрме залдарын қайта экспозициялау жұмыстары жүргізілуде.

12,8 млн. теңгеге «Әбіш әлемі» журнал-алманағын шығаруға қаралды. Таралымы 1000 дана, бір  жылда 4 рет шығатын 66-92 беттен тұратын республикалық дәрежедегі әдеби-мәдени, рухани танымдық, қоғамдық-саяси журнал.  

Мемориалдық музейде 13,4 млн. теңгеге С.Қондыбай шығармалары негізінде «Қазақ мәдениетіндегі әйел архетипы» монографиясын, «Маңғыстау тарихи-мәдени құндылықтарындағы оғыз-қыпшақ руналары» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізу және осы бірегей құндылықтарды әлемдік рунология ғылыми айналымына ұсыну, «С.Қондыбай шығармаларына ғылыми-теориялық тұжырымдама» концепциялық жинақ, С.Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» атты 4 томдық еңбектерін ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүргізілді. Серікбол Қондыбайдың шығармаларына арналған «Серікбол Қондыбай шығармаларының жаңашылдық ғылыми концепциялары»  жинағы осы жылдың қазан айында Poligra factory  баспасынан шықты. «Қазақ мәдениетіндегі әйел архетипы» монографиясы жеке кәсіпкер З.Наурызовамен,  «Маңғыстау тарихи-мәдени құндылықтарындағы оғыз-қыпшақ руналары» тақырыбы жеке кәсіпкер М.Ақмырзаевпен жазылып, дайындалды.

Тарихи-мәдени қорықта 1,7 млн. теңгеге жергілікті маңызы бар Үшкөз-Мейрам, Құнан, Құлбарақ, Мыңкісі, Есмамбет, Бердібек, Бекбаулы ата қорымдары, Тобықты жеріндегі Бекет ата жерасты мешіті ескерткіштерінің қорғау аймақтарының жобасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

1,2 млн. теңгеге «Алтын Орда кезеңіндегі Маңғыстау» тақырыбында жылжымалы көрмесі жасақталды.

7,0 млн. теңгеге Түпқараған ауданында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіш Мұрын жырау музейіне реставрация жұмыстары жасалды.

008 – бюджеттік бағдарламасы бойынша Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театры, облыстық қуыршақ театры мен М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония қызметін ұйымдастыруға 477,0 теңге қаражат бөлінді.  Оның ішінде  438,6 млн. теңге қызметкерлердің жалақысына (барлығы 406,5 штаттық бірлік), 8,9 млн теңге байланыс және коммуналдық қызметтерге, 0,3 мың теңге іс сапар шығындарына  жұмсалды.

Көрсетілген қызметтер есебінен 17,3 млн. теңге кіріс (доход) түсті.

Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында 2,8 млн теңге қаражат бір жаңа қойылымды (А.Чеховтың «Чудесные люди) сахналауға (реквизитке, декорацияға, 32 актердің киіміне т.б.) жұмсалды.

Драма театрында 9 ай ішінде 35 спектакль көрсетіліп, 10600 көрермен қамтылды. 

Облыстық қуыршақ театрында 0,2 млн теңгеге Н.Насырованың «Насретдиннің алтын есегі» атты қойылымы қайта жаңғыртылды.

Қуыршақ театрымен 9 ай ішінде 50 спектакль көрсетіліп, 5000 көрермен қамтылды.

3,0 млн теңгеге М.Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының 45 жылдығына арналған «Өрнекті өнер ордасы» атты кітапты шығару жұмыстары жүргізілуде.

9 ай ішінде филармония ұжымдарымен 57 концерт беріліп, 11484 көрермен қамтылды. 

009-бюджеттік бағдарлама бойынша Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапхананың қызметін (көзі көрмейтін және нашар көретіндерге арналған арнаулы кітапхана) ұйымдастыруға 72,8 млн теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде  65,3 млн. теңге қызметкерлердің жалақысына (барлығы 64 штаттық бірлік),  2,8 млн теңге байланыс және коммуналдық қызметтерге, 4,7 млн теңге мекеменің қызметін жүзеге асыруға қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалды.

010 – бюджеттік бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің қызметін ұйымдастыруға 124,6 млн теңге қаражат бөлінді.  Оның ішінде  105,2 млн теңге қызметкерлердің жалақысына (барлығы 106 штаттық бірлік), 5,5 млн теңге байланыс және коммуналдық қызметтерге, 3,1 млн теңге пандус орнатуға жұмсалды.

9 айда электронды деректер базасына 766 сақтау бірлігі енгізіліп, ведомствалық архивтерден мемлекеттік сақтауға 3952 сақтау бірлігі қабылданды.

113 – бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы мен мәдениет ұйымдарының, архив мекемелерінің басқару және негізгі персонал қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін еңбекақысына 35% үстемеақы төлеуге 231,2 млн. теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында Шайыр, Бостан, Сенек ауылдық мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

016 – бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында 3 нысанның «М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония» МКҚК,  «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» МКҚК,  «Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры» МКҚК ғимараттарына мүгедектерге арналған пандустар орнату арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 80,7 теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2020