Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Маңғыстау облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған  тұжырымдамасын Маңғыстау  облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаналы  индикаторларын есептеу әдістемесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысының 66-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының 160-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Маңғыстау облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесі бекітілсін.
  2. Осы бұйрық Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Г.Ж. Базаралиеваға жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

         Басқарма басшысы                                                                Н. Сали

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы

__________________________

2025 жылғы «___» ________

 

 

Бұйрық
Дата публикации
04 июля 2025