2020 жылдың 10 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебі

Басқармамен 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

  1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»;
  2. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»;
  3. «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»;
  4. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру».

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2020 жылдың 10 ай қорытындысына сәйкес:

Барлық көрсетілген қызметтер саны – 2086.

Мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 36.

  • ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтің саны – 638.
  • «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1412.
  • Мемлекеттік органның кінәсінен белгіленген мерзімдерді бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны – 0.
  • Тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың саны – 0.
  • Бас тартулар – 1.
Дата публикации
06 ноября 2020