Бюджетті цифрлық бақылау: ашықтықтың жаңа деңгейі

Бюджетті цифрлық бақылау: ашықтықтың жаңа деңгейі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік органдарда, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, басқармаларында «Онлайн бюджет мониторингі» модулін кеңінен қолдануды жалғастыруда. Жүйе нақты уақыт режимінде жалақы төлемдері мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментке 4307 тәуекелді төлемдер келіп тусті. Жыл басынан бері 6268.8 мың теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалуына жол берілмеді. Бұзушылықтар жедел тіркеліп, уәкілетті органдарға хабарлама түрде жіберіледі. Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен «Электронды қаржы орталығы» АҚ мобильді қосымшалар арқылы қаражатты қайтару функциясын әзірлеуде — бұл процедураны жеңіл әрі ыңғайлы етеді.

Дата публикации
13 июня 2025