Проведены текушие ремонтные работы предриятиям управлении

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №63 қаулысына сәйкес, Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында басқармаға қарасты кәсіпорындардың ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы  80 788,0 мың теңге қаражат жұмсалды. Оның ішінде:

  • Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының ғимаратына (ары қарай – драма театр) ағымдағы жөндеу жұмыстарына 25 999,0 мың теңгеге «БерКан Сервис» ЖШС келісім шарт жасақталды. Жалақысы 85 000 теңгеде 50 жұмыс орны құрылды, оның 25 адамы жұмыссыздықпен тіркелушілер қатарынан;
  • М. Өскінбаев атындағы облыстық филармония (ары қарай – филармония) ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 000,0 мың теңгеге «БерКан Сервис» ЖШС келісім шарт жасақталды. Жалақысы 85 000 теңгеде кем болмайтын 50 жұмыс орнын құрылды, оның 25-і жұмыссыздықпен тіркелушілер қатарынан;
  • облыстық қуыршақ театры (ары қарай – қуыршақ театр) ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 44 789,0 мың теңгеге «РиГ Строй» ЖШС келісім шарт жасақталды. Жалақысы 85 000 теңгеде кем болмайтын 50 жұмыс орнын құрылды, оның 25-і жұмыссыздықпен тіркелушілер қатарынан.

       

Дата публикации
02 октября 2020